«Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ-мен келісімге қол қою

«Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ-мен келісімге қол қою

20.12.2018 Off By Администрация сайта

2018 жылғы 20 желтоқсанда «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ ұжымының жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру және «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігің құрамына кіру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл шешімді мекеменің мемлекеттік қызметшілері түгелдей қолдап бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы мен мүшелерін және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлады.
2018 жылғы 20 желтоқсанда «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ басшысы Әділбек Қаирбекұлы Мұқашев пен «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігің төрағасы Нұрлан Қабыкенұлы Әутәліпов 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Келісімге қол қойды.
Келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» және Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мен «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» коғамдық бірлестігі арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған салалық келісімге сәйкес жасалды.
Келісімнің басты мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтың алдын алу, кәсіподақ мүшелері болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру;