Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мен салалық кәсіподақ арасында меморандум жасасу
02.11.2018Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы М.Х.Жакыповтың ұсынысына сәйкес кәсіподақ активінің жиналысы өтті. Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әмірден Мұxидинұлы Әлішов Меморандум түзудің мәні, құқықтары мен міндеттері туралы айтты. Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мен Түркістан облыстық мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.