Қызметі

Кәсіподақтардағы реформалар мен жаңғыртулар – уақыт талаптары

 

1-бөлім. Кәсіподақтар Қазақстанның даму жағдайында

Тәуелсіздік алған жылдарынан бері Қазақстан Республикасы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және келісім жағдайында, әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуда.

Мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларда «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының келешегі және еліміз бен әрбір Қазақстандықтардың тағдырының жаңа белестері қарастырылған.

Соңғы жылдары әлемдегі көптеген елдер қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүруде. Осындай күрделі жағдайда Үкімет, атқарушы органдар, кәсіподақтар мен жұмыс беруші әлеуметтік әріптестік институтының қатысушылары өзіне айтарлықтай жауапкершілік алуда. Олардың бірлескен іс-қимылы өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға, жұмыскерлердің еңбек құқығы мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасы нормаларының қатаң сақталуына бағытталған.

2014 жылдың маусым айында «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы қабылданды, онда кәсіподақтар қозғалысын дамытудағы жаңа тәсілдер белгіленген, олар – нақты құрылымдылық, кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі айқындау, салалық кәсіподақтар, республикалық және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, барлық деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруға кәсіподақтарды қатыстыру тәртібін белгілеу.

Адам капиталын дамыту, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарды жетілдіру, жұмыссыздықты қысқарту, кәсіподақтардың қоғамдағы рөлін көтеру мәселелері «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» сияқты құжаттарда және басқа да мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген.

Уақыт пен заман талабына сәйкес кәсіподақтар Федерациясы кәсіподақтарды біріктіру мен кеңейтуге, еңбек қатынастарын реттеуде олардың рөлін арттыруға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, ұйымдастырушылық-қаржылық жұмысты жетілдіруге, кәсіподақ кадрларының жауапкершілігін көтеруге, олардың резервін даярлауға, еңбек ететін әйелдер және жастармен жұмыс істеуге, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға бағытталған жаңа бағыт алды. Кәсіподақтар қызметінде жаңа идеялар мен өзге де шешімдер қолдау тауып ендірілуде.

Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүше ұйымдарының қызметін реформалаудың және жаңғыртудың түпкілікті идеясы мынадай: кәсіподақ қозғалысының жаңа моделін құру, кәсіподақтардың қоғамдағы орнын одан әрі нығайту, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, жалдау еңбегіндегі тұлғалардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүддесін толықтай қорғау.

Қазақстанның тұрақты даму жағдайындағы кәсіподақтар Федерациясы қызметінің стратегиясы алдағы бес жылда осы және басқа ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталатын болады.

 

2-бөлім. Еңбекке ақы төлеу саласындағы кәсіподақ саясаты

Халық өмірінің деңгейін белгілейтін және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін еңбек ақы кез келген казіргі заманғы қоғамның аса манызды әлеуметтік және экономикалық санаты болып табылады.

Осылайша, бес жыл ішінде республикада ең төмен еңбек ақы мен өмір сүру мөлшері 1,3 есе, ең төмен зейнетақы – 1,6 есе өсті. Орташа айлық еңбек ақы аталған кезеңде 1,5 есе өсті.

Республикада азаматтық қызметшілердің еңбек ақысын төлеу жүйесінің жаңа моделі әзірленді. Азаматтық қызметшілердің еңбек ақысын төлеудің жаңа шарттарына көшу қолданыстағы жүйенің орын алған кемшіліктерін жоюға мүмкіндік беретін болады, еңбек ақы мен еңбек нәтижесі арасындағы тікелей байланысты қалпына келтіреді, жұмыскерлер жалақысы деңгейін көтеруге жетелейді.

Халықтың еңбек ақысы мен кірісінің өсуіне қарай елімізде кедейшілік деңгейі төмендеуде. Табыс күн көрістің мөлшерінен ең төмен аз халықтың үлесі 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 2 еседен астам төмендеген.

Сонымен бірге, кейбір облыстарда (Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қостанай) және экономика салаларында (ауыл шаруашылығы, бюджет саласы және басқалар) еңбек ақы деңгейі әлі де айтарлықтай төмен болып қалуда.

Республикада осы уақытқа дейін ең төмен еңбек ақыны белгілеу мен есептеу әдістемесі жоқ.

Халықаралық комиссияның қорытындысы бойынша елдегі орташа еңбек ақының 68 %-ын құрайтын ең төмен еңбек ақы әділ жалақы болып есептеледі. Еуропа елдерінде ең төмен еңбек ақы деңгейі орташа айлық жалақыдан 30-50 %- ды құрайды.

Қазақстанда ең төмен еңбек ақы орташа жалақының 18%- ын құрайды, бұл еңбектің нақты құнына сәйкес келмейді.

2008 жылдан бастап ерекше және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтің қызметкерлер үшін Қазақстанда еңбек ақының ең төмен стандарты қолданылуда, ол ауыр жұмыста, зиянды (аса зиянды), қауіпті еңбек жағдайларында қызмет ететін жұмыскердің айлық жалақысымен ең төмен мөлшері сақтау үшін кепілдік болып табылады.

Бүгінгі күні экономиканың 8 саласында (машина жасау, химия, мұнай-газ, құрылыс, темір жол, көмір, кеңтау-металлургия, электр энергетикасы) салалық көтермелеу коэффициенттері бекітілген, алайда МСОТ есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ.

Алдағы уақытта бізге жұмыскердің лайықты еңбек ету құқығын, нақты еңбек ақы деңгейін көтеруді, кірістер саясатын жетілдіруді, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруді және Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын бекітуді қамтамасыз ететін көрсетілген мәселелердің кешенді шаралар қабылдау қажет.

Кәсіподақтар қол жететін болады:

жалпы ішкі өнімде еңбек ақы үлесін алдағы жылдары 50-60 пайызға дейін көтеру жолымен еңбек және капитал арасындағы кірістерді әділ бөлуге;
2017 жылғы желтоқсан айына дейін Халықаралық еңбек ұйымының № 131 «Даму елдерді ерекше есепке алумен ең төмен еңбек ақыны белгілеу туралы» және № 102 «Әлеуметтік қамтудың ең төмен нормалары туралы» конвенцияларын бекітуге;
ең төмен еңбек ақы, ең төмен зейнетақының және күнкөріс мөлшерінің көлемін талқылау үшін Республикалық бюджеттік комиссиясының жұмысына кәсіподақтардың қатысуына;
2017 жылғы қыркүйек айына дейін өнеркәсіп салалары үшін жоғары салалық коэффиценттердің ұсынылатын талаптары туралы нормаларды келісіп, Бас келісімге енгізуге;
еңбек ақыдағы үйлеспеушілікті қысқартуға;
зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіруге;
зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін көтеруге;
экономиканың бюджет секторы қызметкерлерінің еңбек ақы жүйесін жетілдіруге қол жеткізетін болады.

3-бөлім. Жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз ету

Кәсіподақтар Федерациясы жалданған жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша уақыт талабына үйлестірілген, сәйкестендірілген шаралар қабылданады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, барлық деңгейдегі кәсіподақтар, жұмыскерлер мен белсенділер еңбек заңнамасының сақталуында қоғамдық бақылауды күшейтіп, ұжымдық шарттардың орындалуына қол жеткізу, еңбек етушілердің еңбек құқықтарын бұзудағы жұмыс берушілерге талаптарды күшейту сияқты бір де бір жағдайды қараусыз қалдырмауы қажет.

Кәсіподақтар құқық қорғау қызметінде жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін оларға берілген соттан тыс және соттық қорғау мүмкіндігін толық көлемде пайдалануы тиіс.

Кәсіподақтар мүшелері ақысыз заң консультациясын және құқықтық көмектің басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Еңбек құқығы мәселелері бойынша кәсіподақтар активін оқыту күшейтіледі.

Жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтар өз құқықтарын қорғауда заңмен көзделген нысандарын: митингілер, жиналыстар, демонстрациялар, пикеттер мен ереуілдер, ынтымақтастық іс-қимылдар өткізудің бірыңғай күндерін одан әрі қолданады.

Кәсіподақтар:

еңбек қатынастары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде жұмыскерлер мен кәсіподақтардың құқықтарының сақталуына және кеңейтілуіне;
кәсіподақтардың заң қызметі жұмысын нығайту және жетілдіруге;
бизнес пен биліктің әлеуметтік жауапкершілігін жоғарлатуға, өркениетті еңбек қатынастарын құруға және еңбек саласында бұзушылықтар бойынша жауапкершілік деңгейін күшейтуге;
еңбек қатынастары және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты, нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау бойынша ведомствоаралық және аймақтық топтардың, комиссиялар мен жұмысшы топтардың жұмысында кәсіподақтар өкілдерінің қатысуына;
ұжымдық шарттар мен келісімдердің орындалмауына жауапкершілікті күшейтуге қол жеткізетін болады.

 

4-бөлім. Халықтың жұмыспен тиімді қамтылуына ықпал ету

Елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісі барысында серпінді еңбек нарығы құрылды.

Дегенмен, жалғасып келе жатқан жаһандық дағдарыс жағдайында, ҚРКФ және оның мүшелік ұйымдарына еңбек ресурстарының сапасын жоғарылату, тиімді жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпорындар мен салалардың кадрлық мүмкіндіктерін сақтау, кәсіптік дайындық және біліктілікті жоғарылату жүйесін дамыту бойынша жұмысын белсенді жалғастыру қажет.

Бұдан басқа, Қазақстанның жаһандық және интеграциялық үрдістерге (Еуразиялық экономикалық одақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы) белсенді қатысуды, еңбек нарығын жаңаша жағдайларға бейімделуіне шаралар қабылдау қажеттілігіне мәжбүрлеп отыр.

Елге шетелдік мамандарды тарту, жұмысшы мигранттардың еңбектерін пайдалану қажеттілігі пен мақсаттылығын мойындай отырып, кәсіподақтар қазақстандықтардың нәтижелі жұмыспен қамтылуына және жергілікті тұрғындардың арасында жұмыссыздықты жоюға шешімді түрде қол жеткізетін болады.

Кәсіподақтар Федерациясы және оның мүше ұйымдары еңбек нарығы мен кәсіби білім арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен және Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша республикалық жұмыс берушілер бірлестігімен жұмысты бірлесіп жалғастыратын болады, бұл сұраныс бар мамандарды ұзақ мерзімді жоспарлауды жүзеге асыруға және еңбек нарығы мен білім жүйесі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.

Кәсіподақтар:

тұрғындардың жұмыспен қамтылуының белсенді жобаларына жеке жұмыспен қамтылған тұлғаларды, жұмыссыздарды және аз қамтылған тұлғаларды тарту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қатысатын болады;
еліміздің геосаяси мүддесін, әлеуметтік-экономикалық дамуды, ұлттық бірігуді нығайтуды ескере отырып, көші-қон заңнамасын жетілдіруге белсене қатысады;
салалық және өңірлік келісімдерде 50 жастан асқан тұлғалардың жұмыс орның сақтап қалу және лайықты еңбек жағдайын жасау жөніндегі ережені бекітуге ұмтылады;
білім деңгейінің еңбек нарығы қажеттілігіне сәйкес болуына қол жеткізеді;
кірісінің деңгейіне қарамастан тұлғалардың кәсіптік білім беру жүйесіне қол жеткізуіне, кәсіби біліктілігін жоғарылату мүмкіндігіне ие болуға және жоғары еңбек ақы алуға, өмір бойы еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін ұлттық біліктілік жүйесін енгізуге ықпал ететін болады.

 

5-бөлім. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Кәсіподақтар «жасыл жұмыс орындарын» құруға күресетін болады, ол дегеніміз – зиянды өндірістік факторлары жоқ, лайықты еңбек жағдайы жасалынған, жарақат алуды болдыртпайтын, кәсіби аурулар пайда болмайтын, қоршаған табиғи ортаға теріс әсерін тигізбейтін жұмыс орындары.

Кәсіподақтар Федерациясы, оның мүшелік ұйымдары еңбекті қорғауды басқарудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін енгізуді, еңбекті қорғаудың корпоративтік мәдениетін дамытудың басым міндеті және оның бір бөлігі болатын жағдай жасауды бастамашылық ететін болады және олардың енгізудің барлық құралдарын пайдаланумен кезең-кезеңмен іске асыруға ықпал ететін болады.

Еңбек қорғаудың жай-күйін қоғамдық бақылау түрлерін дамыту мен жетілдіру, осы жұмыстың тәжірибесін жинақтау мен жария ету, еңбек қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттар жүйесін енгізуге ықпал ету жөніндегі жұмыс жалғасын табатын болады.

Алдағы кезеңде кәсіподақтар қызметі жарақаттану мен кәсіби аурулардың пайда болуына тыйым салатын лайықты еңбек жағдайын жасауға бағытталатын болады.

Кәсіподақтар:

қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға;
еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспекторлардың жұмысын күшейту және жетілдіруге, еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспекторлардың рөлін күшейту және оларға бақылау функциялары мен қосымша өкілдіктер беру жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
қауіпсіздіктің және еңбек қорғаудың тиімді жүйесін құруға жұмыс берушілердің ықпалын көтеруге бағытталған экономикалық шаралар әзірлеуге;
салауатты және қауіпсіз еңбекті насихаттауға;
республикадағы барлық кәсіпорындарда еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізуге;
салалық, өңірлік келісімдерге және ұжымдық шарттарға еңбек қорғау, өндірісте жарақат алу мен кәсіби аурулар көрсеткіштерін төмендету, емдеу-профилактикалық қызмет көрсету, шипажайлық-курорттық емдеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды көздейтін тармақтарды енгізуге;
өндірістің зиянды және қауіпті жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің, соның ішінде әйелдер санын қысқартуға қол жеткізетін болады.

 

6-бөлім. Әлеуметтік әріптестікті дамыту

Алға қойылған міндеттерді іске асыруда кәсіподақтар негізгі рөлді әлеуметтік әріптестікке беруде, ол жұмыскерлердің еңбек құқығы мен әлеуметтік-экономикалық мүддесін қорғауды қамтамасыз етуде әлеуметтік серіктестердің нақты өзара іс-қимылына, қоғамда келісім мен тұрақтылықтың сақталуына ықпал ететін болады.

Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүше ұйымдары әлеуметтік серіктестермен өзара байланыста болуды жетілдіру, сол жұмыс тәжірибесін зерделеу мен жария ету, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау, ұжымдық еңбек дауларды шешу жөнінде жұмысты жалғастыратын болады.

«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіподақтар барлық деңгейдегі әлеуметтік диалог жүргізу түрлерін жаңаша қарайтын болады.

Кәсіподақтар ұжымдық шарттар жасаудан негізсіз бас тартқан, ұжымдық шарттағы талаптарды орындамаған немесе бұзған, сондай-ақ ұжымдық шарт бойынша келіссөздерге қатыспаған жұмыс берушілерді жауапкершілікке тарту жөнінде заңнама нормаларын белсене пайдаланатын болады.

Әлеуметтік диалог рөлін одан әрі көтеру мақсатында кәсіподақтар:

ұжымдық шарттар жасау науқаны негізінде жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек және заңды мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етуге және салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарға әлеуметтік қорғаудың қосымша нормаларын енгізуге;
келіссөздер жүргізу, келісімдер мен ұжымдық шарттар әзірлеу және жасау, ұжымдық еңбек дауларды реттеу мәселелері бойынша Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясының барлық мүшесін оқыту тиімділігін арттыруға;
жасалатын ұжымдық шарттардың сапасына ерекше көңіл бөлумен бастапқы кәсіподақтар ұйымдары құрылып жұмыс істеп жатқан барлық ұйымда ұжымдық шарттарды жасауға;
ұжымдық шарттар жасаумен кәсіпорындардың қамтылуын кеңейтуге;
сала бойынша ең төмен тариф ставкаларын (окладтарды) және ең төмен әлеуметтік қамту стандарттарын белгілейтін нормаларды Бас келісімге енгізуге;
әрбір кәсіпорын мен ұйымда Қазақстан бекіткен Халықаралық еңбек ұйымының № 87 «Ассоциациялар еріктігі және ұйым болу құқығын қорғау туралы», № 135 «Кәсіпорындарда өкілдердің, еңбекшілердің құқығын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» конвенцияларына сәйкес кәсіподақтардың ерікті қызметі үшін қажетті жағдай жасауға;
әлеуметтік шиеленісті және республика өңірлері мен салаларда еңбек дау-дамайлардың пайда болу қауіпін төмендетуге;
наразылық білдіру ошақтарын уақтылы анықтау мен жою мақсатында ереуілдер есебін жүргізу жүйесін жетілдіруге, кәсіпорындар қызметіне мониторинг жүргізуді күшейтуге ұмтылатын болады.

 

7-бөлім. ҚРКФ одан әрі жаңғырту. Кәсіподақтар қатарын ұйымдастырушылық
жағынан күшейту. Жастар және гендерлік саясатты жандандыру.

Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы қызметінің негізгі мәселесі Федерацияның және оның ұйымдастырушылық құрылымдарының кәсіподақ қозғалысының бірлігі мен шоғырлануын бекітуге қызметі жұмыстарын жетілдіру болып табылады. Осындай мақсаттарда, кәсіподақтар Федерациясы заманауи жағдайларға сай келетін және жұмыскерлер мүдделерінде кәсіподақтардың шамасын пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіподақ қозғалысын жаңғырту, оның моделін құруды жалғастырады.

Жаңғырту шегінде өткізілетін ұйымдастырушылық іс-шаралар салалық кәсіподақтардың және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктер қызметінің тиімділігін жоғарылатуға ықпалын тигізетін болады.

Кәсіподақтар Федерациясының қаржылық саясатын күшейту жарналарды міндетті және тұрақты аудару, қатаң мерзімді қаржылық есептілік беру және кадрлардың қаржылық міндеттемелерді орындаудағы жауапкершілігі қағидатына негізделетін болады.

«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы негізінде, Федерациямен қабылданған Тұжырымдамасы шегінде салалық кәсіподақтарды біріктіру және кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажет. Белгіленген мерзімдерде Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының бірлігі мен ынтымақтастығына ықпал ететін кәсіподақтар Федерациясының және оның мүшелік ұйымдарының тиімді құрылымын құру қажет.

Кәсіподақтар:

– кәсіподақ органдарының кәсіподаққа мүше болу шарттарын күшейту, кәсіподақтар қатары санын сақтап қалу мен ұлғайту, жаңа мүшелерді тарту жөніндегі қызметін жандандыруға жәрдемдесетін болады;

– жұмыскерлердің басқа санаттарымен, бастапқы ұйымдармен мақсатты бағытталған жұмысты қолдайтын болады, нәтижесінде ол кәсіподақтар қозғалысын қамту мен оның өкілеттілігін арттырады.

Ерекше көңіл Федерацияның жастар саясатының сапалы білім беру, еңбек нарығына қол жетімділікті қамтамасыз ету және лайықты жұмыс орны мен лайықты жалақы алуға бөлінеді.

Осындай мақсатта кәсіподақтар алдағы уақытта да:

– жастарды әлеуметтік-экономикалық қолдауға, оларды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге, сауықтырудың тиімді жүйесін құруға, көпшілік дене шынықтыру мен спортты дамытуға, студенттер мен жұмыс істейтін жастардың бос уақытты өткізуді ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді сараптамалық бағалауды;

– мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысуды;

– жастарды кәсіподақтар қозғалысына қатыстыруды;

– мүше ұйымдардың жастармен жұмысы жөніндегі қызметін үйлестіруді;

– кәсіподақтардың жас көшбасшыларын оқытуды ұйымдастыруды;

– кәсіподақтар федерациясының Жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыруды;

– жастардың шешім қабылдау мен кәсіподақтар іс-әрекетін жүзеге асыруға қатысуы үшін жағдай жасауды;

– кәсіподақтардың жас көшбасшыларын іздестіру мен қолдау, оларды кадр резервіне енгізу жүйесін қалыптастыруды;

– ұстаздықты, еңбек отбасыларын қолдауды;

– қызметі жастардың дамуына, өзіндік іске асырылуына, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара байланыста болуды жүзеге асыратын болады.

Еңбек қатынастары саласында мүдде мен құқықтарды іске асыруда еркектер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерін қалыптастыру жөнінде кәсіподақтардың қызметі өзекті болып қалуда.

Қабылданған саясатты іске асыру барысында кәсіподақтар Федерациясы мүше ұйымдармен бірлесіп тұрақты негізде:

– Халықаралық еңбек ұйымының бекітілген № 183 «Ананы қорғау туралы», № 156 «Еңбек ететін еркектер мен әйелдердің тең болуы мен тең мүмкіндіктері туралы» конвенцияларының орындалуына;

– ана мен баланы қорғауды қамтамасыз етуге, әйелдерді әлеуметтік қолдауға, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында гендерлік мәселелерді шешуге;

– әйелдерді кәсіподақ ұйымдары қызметі мен кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық қызметінің бірлесу жұмыстарына толығымен жұмылдыру;

– мүше ұйымдардың еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, ананы қорғау және әйел денсаулығы, отбасы мен балалар, бос уақыт пен тұрмыс және т.б. мәселелер жөніндегі әйелдер комиссияларының жұмысын жалғастыруға ұмтылатын болады.

Кәсіподақтар еңбек нарығында тең еңбектегі, тең еңбекақыға жетуде әйелдер мен жастарды кемсітудің кез келген түрлерінмен күресу қызметін жеделдету қажет.

 

8-бөлім. Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы – халықаралық кәсіподақтар
қозғалысының бөлігі ретінде

Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған елдердің отыздығына кірудегі ауқымды стратегиялық жоспарлар тұрғысынан, адам капиталы мен экономиканы жаңғыртудың қозғалтқыш кілті ретінде пайдаланып, мемлекет интеграциялық саясатты белсенді жүргізіп келеді

Осыған байланысты ҚР Кәсіподақтар федерациясы әлемдегі кәсіподақтар қозғалысына қатыса отырып, халықаралық бірігуді, ұлттық және халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерімен тығыз ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

Өз қызметінде кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүше ұйымдары:

кәсіподақтар бірлігін, халықаралық ұйымдармен, кәсіподақ орталықтарымен ынтымақтастықты нығайтатын болады;
кәсіподақтар Федерациясының имиджін көтеру жөнінде жұмыс жүргізетін болады, кәсіподақ қозғалысының идеяларымен таныстыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізетін болады;
Халықаралық іс-тәжірибені енгізу арқылы жұмыс тиімділігін арттыратын болады.
Кәсіподақтар Федерациясы осы саясатты іске асыру барысында мүше ұйымдармен бірлесіп тұрақты негізде:

халықаралық және ұлттық кәсіподақтар қозғалысының көшбасшыларымен өтетін келіссөздерге белсене қатысып, ынтымақтастық туралы меморандумдар жасайтын болады;
мүше ұйымдарға халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерімен және өзге де ұйымдармен байланыс орнатуда көмек көрсететін болады;
Қазақстан Республикасы халықаралық келісімдерді, еңбек қатынастарындағы конвенцияларды, азаматтық құқықтарды, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді ратификациялауға қол жеткізеді.
Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы халықаралық кәсіподақтар қозғалысының бір бөлігі ретінде кәсіподақтардың ынтымақтастығын нығайту ниетінде, Халықаралық еңбек ұйымдарымен, шетелдік ұлттық және халықаралық кәсіподақтар бірлестіктері – Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясымен, Халықаралық жалпы конфедерациясымен тығыз байланыста болады.

*****

Кәсіподақтар Федерациясы батылдық көрсетіп, еңбек адамының мүддесі мен құқығын қорғауда, уақыт талабына сай кәсіподақтар жұмысының мазмұнын үнемі жетілдіріліп отырады.

Реформа мен жаңару арқылы Еңбек етуші адам құқығын қорғау!