Сайлау конференциясы өтті

Сайлау конференциясы өтті

19.05.2023 Off By Администрация сайта

Бүгін «ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы төрағасы Жақсылық Қаһарман Еркінайұлының қатысуымен Алматы облысы ветеринария қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезектен тыс есеп беру, сайлау конференциясы өтті.

Күн тәртібінде жергілікті кәсіподақ төрағасы А.Сетербаевтың атқарған жұмысы, жаңа төраға сайлау туралы және т.б. сұрақтар қаралды.
А. Сетербаевтың атқарған жұмысына оң баға беріліп, жаңа жұмысына табыс тілеп, естелік сыйлық ретінде «Кемел адам» кітабы табысталды.
Конференцияға қатысқан делегаттардың дауыс беруімен Алматы облысы ветеринария қызметкерлері жергілікті кәсіподағының жаңа төрағасы ретінде Ескендір Құсайынұлы Еңсебаев сайланды.