28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні!

28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні!

28.04.2023 Off By Администрация сайта

Өткен жұма, 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтті. Халықаралық еңбек ұйымының тең мүшесі ретінде , Қазақстанда да 2003 жылдан бері 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялаған.Бұл жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне назар аудару мақсатында,еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды құру және өндірістегі жарақаттануды азайтуға ықпал етуге бағытталған шара.
Еңбек адамының еңбегін қорғау кәсіподақ ұйымдары үшін маңызды. Қазақстан  Республикасы  Кәсіподақтар  федерациясының  Бас кеңесінің  шешімімен  2023 жыл «Қауіпсіз  еңбек  жылы»  деп  жарияланды. Сондай-ақ, айтулы күнге орай, «Қызмет» Салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша филиалы мен Алматы қаласының еңбек инспекциясы бірлесе, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен техникалық инспекторларға семинар өткізді.
Шара барысында «Алматы қаласының еңбек инспекциясы 
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Алматы қаласы бойынша «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің филиалы арасында 2023-2025 жылдарға арналған КЕЛІСІМге қол қойылды.
📌 Еңбек қауіпсіздігі, өз кезегінде, еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жағдайы.
✳️ 2023 жылғы Дүниежүзілік күннің тақырыбы-Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы-еңбек саласындағы негізгі қағида мен құқық.
‼️ Әрбір жұмыс орны қолайлы және лайықты жағдайларды қамтамасыз ете отырып, Қауіпсіз еңбек жағдайларына, нормалар мен стандарттарға сәйкес келуі тиіс!
Өмірлеріңіз көркем, еңбектеріңіз жемісті болсын!