28 сәуір -Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
28.04.2023«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Шардара аудандық филиалы төрайымы Биманова Бахыткүл Құрмантайқызы және Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы»- еңбек саласындағы негізгі қағида және құқық» тақырыбымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға Шардара аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді жастары арнайы шақырылды.Аудандық музейдің ғылыми қызметкері С.Отаров жиналған жастарға Шардара өңірінің тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы жөнінде ал Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Орынша Қалшабекова еңбек ер атандыратынын, ерінбей еңбек еткен адам ғана мұратқа жететінін , қандай жұмыс істесең де қауіпсіздік шараларын сақтауды айтып өтті. Аудандық кәсіподақ ұйымының басшысы Б.Биманова: 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының 2023 жылы қаңтар айының 27 күні өткен Бас кеңесінің №1-2 шешімімен 2023 жыл Қауіпсіз еңбек жылы болып жарияланғанын, оның негізгі мақсатын түсіндірді.Жиын барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары; нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі талаптар жөнінде әңгіме қозғалды.Жұмыс орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша мәселелерге ерекше назар бөлініп, Қауіпсіздік және еңбекті қорғаудағы басты қағидалар:- Жұмыскердің өмірін және денсаулығын сақтау ;- Жұмыскердің еңбек шартының құқығын қорғау ;- Жұмыскердің денсаулығына зиянды әрекеттердің әсер етуіне жол бермеу ;- Электр қондырғыларын, өндірістік жабдықтарды пайдаланғаны үшін жауапкершілігі жөнінде түсіндірілді.Жаңадан және уақытша қызметке қабылданған қызметкерлерге, іссапарға жіберілген қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жүйесі, сондай –ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі әр мекеменің ішкі құжаттарымен таныстыруы керек. Әр ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленіп және бекітілуі керектігі айтылды.Іс – шараға қатысқан жастарға және ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғысымды айтамын. Әрбір ісіміз берекелі, әрбір күніміз мерекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!-деді, аудандық кәсіподақ басшысы Б.Биманова. Жоғары дәрежеде өткен шараға еңбек ардагерлері, түрлі саладағы жастар, БАҚ өкілдері қатысты.


