«Қызмет» Салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша филиалымен киелі жерлерге саяхат!

«Қызмет» Салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша филиалымен киелі жерлерге саяхат!

19.04.2023 Off By Администрация сайта

18 сәуір күнін – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні етіп, ЮНЕСКО  Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген екен.

Алдымыздағы аптаның сенбі,жексенбі күндері «Қызмет» Салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша филиалы  өзінің құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ мүшелеріне кезекті саяхатын ұйымдастырды. Қасиетті айда басталған саяхат керуені Оңтүстік Қазақстанда киелі саналатын қасиетті мекендерде болып қайтты. Тоқтала кетсек:

Әмір Темір бұйрығымен салынған Арыстан бап, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне атбасын тіредік.

Қожа Ахметтің ұстазы болған Арыстан бабтың құрметіне Отырар жерінде тарихи кесене салынған. Бұл кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасыр аралығына жатса, XVIII ғасырда көне мазардың орнына жаңа ерекше күмбездер орнатылды. XX ғасырдың 70 жылдары ғимарат қиратылып, бүгінгі нұсқасы бой көтерген болатын. Халық арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз бар. Әрине, бірінші Алладан тілеп, қасиетті айда қызметкерлермен бірге бабалар басына тәу етіп қайттық. Кесенедегі сәулет өнері қандай жанды да таңқалдырмай қоймайды. Бір сөзбен жеткізу мүмкін емес!

Саяхатымыз Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне жалғасын тапты. Отырар қалашығы Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті орындар тізімінде. Ал тарихы терең  Ұлы Жібек жолы бойындағы Отырар қаласы орта ғасырдағы ең ірі шахарлардың қатарына кірген. Отырар ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Үлкен археологиялық жұмыстардың нәтижесінде табылған ғасырлық жәдігерлер тарихтың тұңғиығына сыр шертеді.

Түркістан десе – Қожа Ахмет Яссауи, Қожа Ахмет Яссауи десе – Түркістан еске түсері даусыз. Өз әдемілігімен күллі түркі жұртын ғана емес Еуропалықтардың да назарын аудартып отырған кесене – Қожа  Ахмет Яссауи кесенесі. Кесененің ішкі-сыртқы құрылысы мен өрнектері теңдесі жоқ туынды. Кесене сәулетіне қарап, адам қиялының шексіз-шетсіз жатқан шеберлік екенін байқауға болады.

Түркістан тарихи қала. ЮНЕСКО шешімімен 2000 жылы Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өткенін білеміз. Сонымен қатар тек кесенелер ғана емес, қаладағы әр басқан қадамың тұңған тарих. Соның бір дәлелі ретінде 2021 жылы қала орталығында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені бой көтерді. Кешенде «Жібек жолы» дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері, отбасылық ойын-сауық орталығы және басқада заманауи орталықтардың барлығы ойластырылған. Бұл сарайдың еңбір ерекшелігі, барлық құрылымдарды су арнасы арқылы байланыстырылғаны таңқалдырды. Онда судағы «қайық шеруі» деп аталатын, театрландырылған шоуы өткізіліп тұрады екен. «Керуен-сарай» кешенінін «Орталық Азия кереметі» – деуге болатындай! Ол – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналары даусыз. Бұндай кереметті сіздер де келіп тамашалай аласыздар!

Одан шығып, қызметкерлеріміз күллі түркі жұртына ортақ, қазіргі таңда ЮНЕСКО қатарына алынған,  Тараз қаласынан 18 км қашықтықта орналасқан – Айша бибі ескерткішін тамашалады. Бұл ескерткіштің өзгелерден ерекшелігі сыртына салынған түрлі оюлар (XI- XIIғғ.) Айша – бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражайлардың байлығы болып келген. Бүгінгі таңда бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне жазба сырлы шумақ сақталып қалған:

«Күз… бұлттар

Жер ғажайып..»

 Бүгінде кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш кереметі болып саналған. 62 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Сонымен қатар, ел аузында тараған Айша-бибінің сұлулығы мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз-әңгімелер кесенеге тіптен ажар бере түсетін-дей. Осындай керемет, ғашықтық аңыз кесенеге оюлармен салынғандай әдемі әсермен келесі кесенеге атбасын бұрдық.

Ол кесене – Домалақ  Ана Кесенесі — Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында. Халық арасында «Домалақ ана» атанған Нұрила VII ғасырда өмір сүрген. Бізге жеткен тарихи жазбаларда Домалақ ана өз заманында мықты данышпан, адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында тарихта танылған адам.«Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған екен… Әр ескерткіш, күмбездердің өз сыры мен сәулеті таңдай қақтырып, көз қарықтырмай қоймайды! Барлығында да бір өзінше ерекшелік бар…

Рамазан айына тұспа тұс келген бұл саяхатымыз кәсіподақ мүшелеріне әдемі әсер қалдырды! Туған жер табиғатында тарихтан сыр шертер орындар қаншама?! Туған жердің тамаша табиғатымен үндескен тарихи жерлерге деген тамаша саяхаттарымыздың бірі болды.

          Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз.