Қыстың ызғары қайтып, жайма шуақ көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы!

Қыстың ызғары қайтып, жайма шуақ көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы!

09.03.2023 Off By Администрация сайта

Әйел – ана, әйел – жар, әйел – ару, әйел – әр отбасының ұйытқысы деген атам қазақ. Қазіргі таңда, нәзік жандылардың ролі қоғамда да, әр ұжымда да күннен күнге артып келеді. Оның бір дәлелі, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жартысынан астамын, яғни 55,4 пайызын әйелдер құрайды. Біздің елімізде гендерлік саясат дұрыс жолға қойылған. Жоғарғы лауазымда немесе бизнес-құрылымда басшылықта жүрген азаматшаларды қазір көптеп кездестіруге болады. «Қызмет» салалық кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының төраға мен төрайымдарының 80 пайызы төрайымдардың еншісінде. Әдеміліктің, мейірімділіктің, ізгіліктің нышаны – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні барлық бастауыш ұйымдарында кеңінен атап өтілді. Жүрекке жаққан жылы лебіздер мен әсем гүл шоқтарына толы мерекені өткізуге кәсіподақ белсенділері аянып қалмады. Ең үздік кәсіподақ мүшелері марапатталды. Биылғы жылдың әйелдер мерекесінің бір ерекшелігі, Тарбағатай арнайы әлеметтік қызмет көрсету орталығының кәсіподақ мүшесі, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Шоманова Гүлнәр Әрмиянқызына облыстық филиалдың атынан Құрмет Грамотамен қатар, «Щучинский» санаториясына тегін жолдама тапсырылды. Бұл шара еңбек адамын бағалау; жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, халқымыздың басынан өткен тарихты білуге арналған бағыттағы қадам болып табылады.