Қатарымыз толуда…

Қатарымыз толуда…

02.02.2023 Off By Администрация сайта

Бүгін «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалының құрамына кірді.

Жаңадан құрылған «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» мүшелігінде 150-ден астам түрлі саланың қызметкерлері бар. Белсенділігімен танылып отырған кәсіподақ активі «ҚЫЗМЕТ» кәсіподағының атқарып жатқан жұмысына қызығушылық тудырып, өзара ынтымақтастық және міндеттемелер туралы шартқа қол қойды.