Денсаулық сақтау басқармасынан кәсіподақ ұйымы ашылды

Денсаулық сақтау басқармасынан кәсіподақ ұйымы ашылды

20.01.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, басқарма басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлы Асылбековтың қатысуымен ұжым мүшелерімен жиын өткізіп, Еңбек кодексі мен Кәсіптік одақтар туралы заңына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың құқықтарын қорғау мақсатында кәсіподақ ұйымын ашу қажеттілігі мен артықшылықтары жөніндегі мағлұматтар берді.
Нәтижесінде, жиынға қатысқан басқарманың қызметкерлері мекеменің кәсіподақ ұйымын ашу және оған мүшелікке кіру туралы шешім қабылданды. Басқармада 25 қызметкер жұмыс жасайды. Олар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарып, жалпы жиналыста кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Бердыбеков Болат сайланды.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановтың, мекеменің жұмыс берушісі – Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбековтың және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Бердыбековтың арасында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа, сондай-ақ мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойып, оны мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеу үшін жолдаған.