Тазалық қызметкерілеріне Қаратау ауданының кәсіпкерлері қолдау көрсетті
16.01.2023Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Шымкент – ортақ үйіміз» деген ұстаныммен «#Жұмыла көтерген жүк жеңіл» челленджін жалғастыруға шақырған үндеуіне «Медине» отбасылық мейрамханасының әкімшілігі қолдау көрсетті.
Шымкент қаласының күрт суық ауа райында қаланың Қаратау ауданында қар тазалаумен айналысып, қала тұрғындарға қолайлы жағдай жасап еңбек етіп жүрген 150-ге жуық коммуналдық сала қызметкерлерін мейрамхананың кең дастархан басына жайғастырып, ыстық тамақ пен шайын беріп, олардың жылынуына қолайлы жағдай жасады. Ия, жайсаң жандардың жақсылығы алладан қайтсын.
Жүрек жалғау жасаған коммуналдық саланың қызметкерлері әрі қарай қаланың тазалық жұмыстарын атқаруға қайта кірісті. Айлық жалақысы аз болса да мүлтіксіз қызмет жасап жүрген бұл қызметкерлеріміз қазақ елінің бүгінгі күнгі нағыз патриоты мен батыры. Олардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен жақсылық тілейміз!
Осындай шараларға мұрындық болған «Қызмет» салалық кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарына алғысымыз шексіз.