Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері марапатталды

Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері марапатталды

30.12.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылғы 30 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялануына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеметтік мекемесінің кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жағдайымен танысу мақсатында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов арнайы барып, Әлеуметтік әріптес – жұмыс беруші, басқармасының басшысы Бағдаулет Әшеновтың және кәсіподақ комитетінің төрайымы Раушан Әсембекованың қатысуымен кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, қорытынды жиын өткізілді.
Жиында мекеменің жұмыс берушісі – басқарма басшысы және мекеменің жұмыскерлері атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының арасында жасалған ұжымдық шартқа сәйкес, әлеуметтік әріптестер тараптарының арасындағы міндеттемелердің талапқа сай орындалып, басқарма қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелері жыл бойында белсенді жұмыстар атқарғандығы баяндалды.
Оның ішінде, басқарма «2021 жылдың үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының жеңімпазы атанып, 2022 жылы «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне» орай, Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ынтымақтастық форумында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қалалық филиалының ұсыныстарына сәйкес, басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсембекова Раушан Әсілбекқызына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталғанын, ол ұжым қызметкерлерінің еңбегінің, ынтымағы мен бірлігінің, оны басқарып отырған басқарма басшысының және аппараттағы ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің жұмыстарды ұқыпты ұйымдастыруының нәтижесі екенін кәсіподақ филиалының төрағасы ерекше атап өтті.
Жиын қорытындысында Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Әшенов пен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов ұжым мүшелерін «Жаңа жыл» мерекесімен құттықтап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге үлесін қосқан қызметкерлер мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне және әлеуметтік әріптестерге «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің және Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының наградалары табысталды.