«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткен кездесу
27.12.20222022 жылғы 26 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппараты мемлекеметтік мекемесінің кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жағдайымен танысу мақсатында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов арнайы барып, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы Есілбектің және ауданы әкімі аппаратының кәсіподағы комитетінің төрағасы Досалы Жайлауұлы Амангелдиевтің қатысуымен аппарат қызметкерлерімен кездесіп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, жиын өткізілді.
Аталған жиында: Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесі кәсіподағы комитетінің және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атқарған жұмыстары туралы есептік хабарламалары тыңдалды.
Жиын барысында филиал төрағасы С.Әуесханов Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Амангелдиевке белсенді қызметі үшін Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.
Жиын соңында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы кәсіподақ филиалының төрағасына рахметін айтып, аппарат қызметкерлерінің бұдан әрі қарай да белсенді қызмет жасайтынына сенім білдірді.