Дін істері саласының қызметкерлерімен өткен кездесу

Дін істері саласының қызметкерлерімен өткен кездесу

15.12.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылғы 14 желтоқсан күні «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың қатысуымен Шымкент қаласының дін істері басқармасының және орталығының қызметкерлерімен кездесіп, кәсіподақ мүшелерінің жағдайымен танысты.
Мекеменің жұмыс берушісі – басқарма басшысы Әлжан Әлішерұлы Тұяқбаевтың және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақыт Алиякбарұлы Тулемисовтың арасында жасалған ұжымдық шартқа сәйкес, әлеуметтік әріптестер тараптарының арасындағы міндеттемелердің орындалу барысы қаралып, жыл бойында кәсіподақ филиалымен атқарылған жұмыстар баяндалды.
Басқармада жұмыс жасайтын 9 адам және дін мәселелерін зерттеу орталығындағы 21 адам 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне кірген. Кездесуге қызметкерлерден тұратын кәсіподақ мүшелері қатысты.
Жиын қорытындысында белсенді кәсіподақ мүшелеріне «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай, Филиал төрағасы С.Әуесханов филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: Филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дінтанушысы Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы және Филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бас маман-консультанты Шукен Қарлығаш Тұрсынқызы марапатталды.