«Кәсіподақ – тұрақтылық кепілі»

«Кәсіподақ – тұрақтылық кепілі»

15.12.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылдың 12 желтоқсан күні Қызылорда облысы Арал ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында әлеуметтік әріптестердің қатысуымен кәсіподақ белсенділерінің «Кәсіподақ – тұраұтылық кепілі» атты жиыны өтті. Басқосу Арал ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әбсұлтанов, аудандық бөлімдер мен  ауылдық округі әкімі аппараттарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ мүшелері және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева, облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Кенес Махамбетовтың қатысуымен өтті. Барлығы  42 адам қатысты.

Облыстық  филиал төрайымы С.Тұрсынбаева қатысушыларға «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалында 2021-2022 жылдарда атқарылған жұмыстармен таныстырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподағы арасындағы  2022- 2024 жылдарға арналған еңбек қатынастарын реттеудің жалпы қағидаларын  айқындайтын, қосымша әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін белгілейтін салалық келісім туралы айтып өтті. Сондай-ақ жиын барысында  кәсіподақтар тарапынан берілетін жеңілдіктер мен көмектер туралы да айтылды.

Сонымен қатар кәсіподақ заңгері К.Махамбетов «Кәсіптік Одақтар туралы» ҚР Заңына кеңінен тоқталып түсініктеме берді.

Басқосуда Арал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасының сайлауы өтті. Кәсіподақ мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрмұхамет Бохаев аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

Сондай-ақ жиында Ауданның экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан, мемлекеттік қызметте ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Мергенсай ауылдық округінің әкімі Марат Құтмамбетов Облыстық кәсіподақтың «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» медалімен марапатталды. Ал Арал ауданы әкімінің аппаратының басшысы Н.Бохаев пен аудандық мәслихат аппаратының әдіскері Ғ.Бисенов «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен, Құланды ауылдық округі әкімі аппаратының статист маманы А.Махамбетова, Арал спорт клубының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Байтұрғанов, Арал спорт клубының есепшісі М.Қуанышова  Облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен  марапатталды.