«Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесі мен Атқару комитетінің отырысы өтті
14.12.20222022 жылғы 14 желтоқсанда «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесінің және Атқару комитетінің отырысы өтті.
Салалық кәсіподақ көшбасшысы Мирболат Жақыпов қатысушыларға, кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету тұрғысында алға қойылған барлық міндеттерді әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста шешу қажеттігін, азаматтардың әртүрлі санаттары бар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыс әдістерін әртараптандыру қажет екенін атап өтті.
Орталық кеңес отырысында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары бойынша филиалдары туралы», «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы» бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы туралы» мәселелер қаралды.
Атқару комитетінің отырысында салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов қатысушыларды 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған «Қызмет» кәсіподағының жұмыс жоспарымен таныстырды, сондай-ақ Орталық кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы мәселелер қозғалды.
Отырыс барысында қатысушылар жергілікті жерлердегі ағымдағы ахуалды талқылады, салалық кәсіподақ басшылығына өз ұсыныстарын айтты, сондай-ақ түрлі ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.
Отырыс жұмысын аяқтай отырып, салалық кәсіподақ көшбасшысы Мирболат Жақыпов қатысушыларға күн тәртібіне қойылған мәселелерді мүдделі талқылағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының денсаулығын сақтау, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы еңбек жағдайларын жасау және кәсіподақ бірлігін нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.