«Қызмет» салалық кәсіподағы боулингтен жарыс өткізді
12.12.2022«Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық Кеңесі орталық мемлекеттік органдардың кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері арасында боулингтен турнир өткізді.
Спорттық жарысқа 30-дан астам адам қатысты.
«Салалық кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арналған спорттық жарыстарды үнемі ұйымдастырады. Өз кезегінде біз салауатты өмір салтын одан әрі ынталандыру және насихаттау мақсатында спорттық іс – шараларды ұйымдастыруға одан әрі атсалысамыз», – деп атап өтті Қызмет салалық кәсіподақ көшбасшысы Мирболат Жақыпов.


Жарыс қорытындысы бойынша іс-шараның барлық жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.







