Қызмет»  салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалы ағымдағы  жылдың қорытындысын шығарып,  2023 жылға арналған жоспарларын белгіледі

Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалы ағымдағы жылдың қорытындысын шығарып, 2023 жылға арналған жоспарларын белгіледі

12.12.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылғы 9 желтоқсанда «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалы ағымдағы жылғы қызмет қорытындылары бойынша Атқару комитетінің кеңейтілген есептік отырысын өткізді.

Отырыс жұмысына «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, Атқару комитетінің мүшелері, «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне келесі сұрақтар қаралды:

– «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиал төрағасының 2022 жылғы қызметі туралы есебі.

– «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалы Атқару комитетінің құрамы туралы.

– 2022 жылғы бюджетті бекіту және 2023 жылға арналған бюджетті қабылдау.

– Ұйымдастыру мәселелері.

«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов өз сөзінде: «Салалық кәсіподақ кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының денсаулығын сақтау, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, кәсіподақ бірлігін нығайту, кәсіподақ мүшелерінің санын ұлғайту, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері арасында оның имиджі мен тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмысты мақсатты түрде жалғастыруда»,- деп атап өтті.

«Салалық кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары мен белсенділерінің мақсатты еңбегінің арқасында өңірлерде және республикада айтарлықтай беделге ие екенін айта кеткен жөн. Орталық Кеңестің атынан Сіздерге және біздің барлық әріптестерімізге еңбек ұжымдарында атқарған игі еңбектеріңіз үшін жеке алғыс айтамын!»,- деді Мирболат Жақыпов.

Бұдан әрі «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов есептік баяндама жасады.

«Айта кету керек, биыл филиал кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша үлкен жұмыс атқарды.Филиалдың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында бекітілген барлық іс-шаралар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды. Көптеген жоспардан тыс іс-шаралар, соның ішінде кәсіби мерекелерге арналған іс-шаралар өткізілді және ұйымдастырылды. Жыл басынан бері филиал Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы мерекелеріне арналған түрлі қайырымдылық акцияларын өткізді, -деді  елордалық филиал төрағасы А.Нұрланов.

Сонымен қатар, халықаралық балаларды қорғау күні аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 57 отбасы азық-түлік сертификаттары беріліп, бұдан басқа «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 22 бірінші сынып оқушыларына материалдық көмек көрсетілген. Медицина қызметкерлері күні, мемлекеттік қызметшілер күні, дипломатиялық қызметкерлер күні, кәсіподақтар күні, ұлттық валюта күні және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні мерекелеріне және кәсіби мерекелеріне орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылған.

Жалпы, 2022 жылы еңбек ұжымдарымен 55 кездесу өткізіліп, белсенді кәсіподақ жұмысы мен қызметтік міндеттерін орындаудағы кәсібилігі үшін 350-ге жуық кәсіподақ мүшесі марапатталыпты.

«Бұдан басқа, жыл ішінде елордалық филиалдың кәсіподақ мүшелеріне 25% жеңілдікпен 35 сауықтыру сертификаты табысталды, ал кәсіподақтың 20 мүшесі, оның ішінде олардың отбасы мүшелері ҚР Кәсіподақтар федерациясының санаторийлерінде 10% тұрақты жеңілдікпен сауықтырылды»,-деп толықтырды А.Нұрланов.

Кәсіподақ қызметін ақпараттық ілгерілету мақсатында тұрақты негізде филиалдың кәсіподақ қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде республикалық және жергілікті деңгейдегі баспа басылымдарында, теледидарда, ақпараттық ресурстарда (сайттарда) және әлеуметтік желілерде жарияланады.

«Еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кәсіподақ қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жыл бойы филиал елордалық бірқатар мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен 25-тен астам презентациялық кездесу өткізді. Астана қалалық филиалы 14 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен толықты. Кәсіподақ қозғалысын жандандыру қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын сақтауға, тиісті еңбек жағдайларын жасауға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға байланысты мәселелерде үшжақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Атақозы Нұрланов.

А.Нұрланов әріптестеріне сенім білдіргені және әлеуметтік әріптестік аясындағы бірлескен жұмысы, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады.

Отырыс соңында ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен «Қызмет» салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті. Сондай-ақ, кәсіподақ жұмысының қорытындысы бойынша елордалық филиал 5 бастауыш кәсіподақ ұйымын 25% жеңілдікпен санаторий-курорттық емделуге арналған дипломдармен және сертификаттармен марапаттады.