«Жүрек жылуы» байқауы өтті
31.10.2022Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының бірлескен «Жүрек жылуы» атты байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты әлеуметтік сала қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, қызметкерлердің шығармашылық қабілетін, өнерге деген қызығушылығын арттыру т.б. болды. Байқауға әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарынан 5 команда қатысты. Мүгедектерге арналған оңалту орталығында өткен байқауда командалар «Сәлемдесу сайысы», «Алғыс арқалаған мамандық» бейне көрсетілім, «Жомарт жүрек» қойылымы, «Сұрақ-жауап сайысы», «Шығармашылық қолөнер туындысы» бойынша жарысқа түсті.


Қызықты да тартысты өткен байқауда бас жүлдені №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының командасы, І орынды Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының командасы, ІІ орынды Мүгедектерге арналған оңалту орталығының командасы, ІІІ орынды №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының командасы ұтса, ынталандыру сыйлығымен Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының командасы марапатталды. Жеңімпаздар мен ынталандыру сыйлығына қаржылай сертификаттар, дипломдар табысталды.




