Ұлттық мерекеде кәсіподақ мүшелері ұлықталды

Ұлттық мерекеде кәсіподақ мүшелері ұлықталды

22.10.2022 Off By Администрация сайта

«Ұлттық мереке – Республика күніне» орай, Шымкенттің кәсіподақтар орталығында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара барысында шырайлы шымқаланың күнделікті өмір тіршілігіне, әкімшілік, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік, қала тірішілігін қамтамасыз ету, құрылыс деген сияқты әр түрлі салаларда қызмет етіп жүрген белсенді кәсіподақ мүшелері ұлықталды.
Салтанатты мерекелік іс-шараға қатысқан «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы салалық кәсіподақтардың белсенді кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтарын және наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбдіқалықов Шоқан Шырынханұлы және Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының әдіскері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алдиярова Айгерім Хамитбекқызы марапатталды.
Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Белгібаева Гулия Байзаққызы және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбеков Заманбек Оралбекұлы марапатталды.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен Шымкент қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шаймерденова Гүлмира Әнуарбекқызы және Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Қаланов Ильяс Сұлтанұлы марапатталды.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Мақұлбаев Әбдібақыт Тілләбайұлы және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының кадрлық, қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бөрібаева Гүлсім Жанатбекқызы марапатталды.