Қайырымдылық – жылы жүректен!
17.10.2022Күнтізбедегі бұл күн көмек пен қолдауға зәру адамдардың өміріне бей-жай қарамайтындардың барлығын, олардың ерлігіне, табандылығына, таланты мен ерекше қабілеттеріне бас иетіндерді бір арнаға біріктірді.
Жалпы қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты адамгершілік атмосферасын қолдай отырып, күнделікті өзекті мәселелерін шешуге тиісінше назар аударып, осылайша мейірімділік пен қамқорлық сезімін көрсету тек мереке күндері ғана емес, күнделікті игі дәстүрге айналатынына сенімдімін.
Мереке күні қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік беру мақсатында
мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қалалық «Үміттің алқызыл желкені» атты көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалі және көрме залында суретшілер, фотографтар және қолөнер шеберлерінің
«Менің әлемім» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Фестиваль келесі жанрлардан тұрды:
Вокалды жанр;
Орындаушылық өнер – жеке музыкалық аспапта орындау.
Хореография;
Көркемсөз оқу.
Мерекелік шараға қатысқандар қатарында:
- Ерекше күтімге қажетті «Аялы алақан» балалар орталығы
- Жезқазған қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебі
- «Жезқазған қалалық мамандандырылған «Лира» мәдениет үйі
- Арнаулы әлеметтік көмек көрсету орталығы
- «№ 21 жалпы білім беретін мектебі»
- “Қызмет” кәсіподағының мүшелері “ Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ.
Көркемөнерпаздар шығармашылық фестиваліне балалар мен ересектерден құралған 22 мүмкіндігі шектеулі қатысушы болды.
“Менің әлемім” көрмесіне 14 үміткер қатысты.
“ Үміттің алқызыл желкені» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық фестиваліне белсене қатысқаны үшін арнайы дипломмен, ақшалай сыйақымен марапатталып, “Қызмет” Жезқазған аймақтық кәсіподағы мен “Самади” сауда орталығының ұсынған тәтті сыйлықтары тарту жасалды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы.




