Шағын футболдан ашық турнир өтті
17.10.2022Елімізде жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады.
Осы атаулы мереке қарсаңында және Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының ашылғанына 30 жыл толуына орай Қызылорда қаласында «Қызмет» салалық облыстық кәсіподағына қарасты ұйымдар – әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлері арасында шағын футболдан ашық турнир өтті. Турнирдің мақсаты кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту болды.
Турнир өте тартысты әрі қызықты өтті. Жарыста І орынды Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының командасы, ІІ орынды №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының командасы, ІІІ орынды №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының командасы иеленсе, ынталандыру сыйлығымен Мүгедектерге арналған оңалту орталығының командасы марапатталды. Жеңімпаздарға «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық облыстық кәсіподағының дипломдары мен кубоктар табысталып, облыстық салалық кәсіподақтан қаржылай сыйлықтар бөлінді.





