«Қызмет» салалық кәсіподағының белсенділері марапатталды
10.10.2022Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнін мерекелеу аясында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің кәсіподағы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар белсенділер мен ардагерлерді марапаттады.

«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Мемлекеттік қызмет академиясына барып, бастауыш ұйым мүшелеріне салтанатты түрде марапаттар табыстады.
Мирболат Жақыпов: «Кәсіподақ ұйымының басты міндеті – еңбек адамының мүүдесін қорғау болып табылады. Сіздерге кәсіподақ жұмысына белсенді қатысып, кәсіби қабілеттеріңіз үшін алғыс пен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз кәсіподақтардың алдында тұрған міндеттерді шешуде сіздерді қолдауыңыз бен ынтымақтастығыңызды жоғары бағалаймыз»,-деді.
Бұдан басқа, «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыпов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету дирекциясының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс -шараға да қатысты. Салтанатты жиын барысында кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенділеріне «Құрмет» грамоталары, «Алғыс хаттар» мен санаторий-курорттық емделуге сертификаттар табыс етілді.

Кәсіподақтар күнін мерекелеу қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрлановта «Астана қаласы әкімінің аппараты», «Байқоңыр», «Сарыарқа», «Есіл», ауданы әкімдерінің аппараттында болып, «Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Сәулет басқармасы» «Ішкі саясат басқармасы», «Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы», «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы», «Дін істері басқармасының» бастауыш ұйымдарынының белсенді кәсіподақ мүшелерін құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады.


Сондай-ақ жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен салтанатты жағдайда ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылды, ал олардың жетекшілеріне «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгілері табысталды.
«Қызметкерлерге және мекемелердің кәсіподақ ұйымы төрағаларына не сенім білдіргені үшін алғыс айтып, кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін табысты еңбек тілеймін» деп өз құттықтауын жеткізді А. Нұрланов.

Ал,10 қазан күні өткен ҚР Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Бірлік.Әділетілік.Даму» ынтымақтастық форумында «Қызмет» салалық кәсіподағына ұйымдық мүше болып табылатын Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Әсембекова «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталып, «2021 жылдың үздік техникалық инспекторы» байқауы бойынша Батыс Қазақстан облыстық филиалының Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының техникалық еңбек инспекторы Беркінғали Дәулетов үздік атанды.

Жалпы, кәсіби мереке аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы 44 «Кәсіподақ қайраткері» медалін, 71 «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» марапат белгісін, 74 «Құрмет» грамотасы және 70-тен астам «Алғыс хат» табыстады.

