Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған мерекелік шара
10.10.20222022 жылдың 07 қыркүйек күні Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы Достық үйінде мерекелік шара өткізді.
Шараға Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы А.Досжанов, Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы А.Есекенова, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ белсенділері және сонымен бірге облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты шараны «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Сүлеймен Серік Кенжебекұлы ашып, облыстық кәсіподақ ұйымының атқарылған жұмыстарын баяндай отырып, мерекемен құттықтады.
Шара барысында Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы Досжанов Асылұлан Тұрсынұлы құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысының дамуы мен нығайтуына қомақты үлес қосқаны үшін аудандық кәсіподақ ұйымының төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары және кәсіподақ белсенділеріне Батыс Қазақстан облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевтың Алғыс хатын табыстады.
Келесі құттықтау сөзді Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығының төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы жалғастырып, кәсіподақ белсенділеріне қоғамдық қызметте елеулі жетістіктерге жеткендері үшін «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесінің «Кәсіподақ қайраткері» медалін және «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс белгісін табыстады.
Салтанатты шарада Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Байсалов Мұрат Сейлбекұлы кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, кәсіподақ белсенділеріне қоғамдық қызметте елеулі жетістіктерге жеткендері үшін «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесінің «Құрмет грамотасын» табыстады.
Мерекелік шарада «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Сүлеймен Серік Кенжебекұлы кәсіподақ белсенділеріне қоғамдық қызметте елеулі жетістіктерге жеткендері үшін «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесінің «Алғыс хатын», сонымен қатар белсенді қоғамдық істегі қызметтері үшін «Қызмет» облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының «Құрмет» грамоталарын табыстады.
Салтанатты шара Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілерінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, Дархан Құлбабаев, Алтын Оразов, мультиаспапшы Аслан Ғұмаровтың әсем әндеріне ұласты.









