«Қызмет» салалық кәсіподағының белсенділері марапатталды

«Қызмет» салалық кәсіподағының белсенділері марапатталды

07.10.2022 Off By Администрация сайта

«10 қазан – кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелерінің салтанатты жиыны өтті.
Жиында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов жиынға қатысқан кәсіподақ белсенділерін құттықтап, биылғы жылы осы салада көптеген жетістіктерге ие болғанын, оның ішінде кәсіподақ негізгі жұмысының бірі – 11 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымдары ашылып, оған 924 адам кәсіподақ мүшелегіне тартылғаны ерекше атап өтілді.
Жалпы бұл саланың мекемелердегі ұйым саны 49-ға жетіп, ал кәсіподақ мүшелерінің саны 3,0 мыңға жуықтаған. Филиал құрамындағы мекемелер 100% немесе толығымен 2022-2026 жылдарға, яғни 5 жылға арналған ұжымдық және келісім шарттар жасап, тіркеуден өткізілген. Олардың орындалуы бойынша жыл басынан бері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында 40 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымында 1731 кәсіподақ мүшесінің қатысуымен кездесу өткізіліп, филиал төрағасы мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары кәсіподақ мүшелеріне жүйелі есеп беріп, оның ішіндегі үлгілі жұмыстары таратылып, тәжірибе алмасып, нәтижесінде салалық кәсіподақтың жұмыстары едәуір жоғарылаған.
Сондай-ақ, осы сала бойынша үлгілі жұмыстар республиканың басқа өңірлеріне таратылып отыр.
Кәсіподақ мүшелерінің осы жұмыстары бағаланып, мереке қарсаңында 40 адамға марапаттар табысталды.
Соның ішінде, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген іс-шарада «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалі табысталды.
Ал, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада «Қызмет» салалық кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалімен 2 адам, «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен 3 адам, «Құрмет грамотасымен» 2 адам, «Алғыс хатымен» 2 адам, Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен» 2 адам, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» 2 адам, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» 1 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» 10 адам және «Алғыс хатымен» 15 адам марапатталды.
Атап айтқанда: Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің еңбек жөніндегі нұсқаушысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Усенбаев Асқар Амантайұлы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-сі директорының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сариев Сембек Даулетбайұлы; Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алеева Рахима Самедовна, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығы» КММ-нің кадр жөніндегі инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сариева Мадина Есқожақызы; «Қызмет» салалық кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалімен: Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты, кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бердібекова Гүлсина Рахымбайқызы, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Өтебаев Әділ Әбдіқалықұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсетова Әсел Әсетқызы; «Қызмет» салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының әдіскері Пернеқұлова Венера Егембердіқызы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бақылау бөлімінің басшысы, кәсіподақ төрағасының орынбасары Байболова Шолпан Ерназарқызы, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мусабай Ержан Сапарбекұлы; «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жаңабердиев Қайрат Жетібайұлы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің әдіскері Досходжаева Гулнара Нұғалиқызы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің технигі Жумалиев Борис Хожабаевич, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің әдіскері Абжанова Айгерім Ахметқызы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің бас есепшісі Сарсенбаева Динара Сабитханқызы, Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі директорының орынбасары Алиханов Бекболат Нұрғалиұлы марапатталды.