Жамбыл облысында 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
06.10.2022Тараз қаласының Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов, облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Рүстем Қасымов, облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов және облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Салтанатты жиынды ашқан Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының биылғы жылды «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялағанын айта келе, әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, еңбек адамына ерекше қамқорлық жасау, олардың сапалы өміріне қолайлы әлеуметтік жағдай туғызу бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Дәл осындай жұмыстар біздің облыста да жүйелі түрде атқарылып келеді деп атап өтті.
Ресми құттықтау шарасында кәсіподақ ұйымдарының белсенді өкілдері Жамбыл облысы әкімінің, Жамбыл облысы мәслихатының, еңбек инспекциясы басқармасының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының және Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің арнайы марапаттарына ие болды.
Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі бүгінгі таңда облыс көлемінде экономиканың әр саласын қамтитын 14 салалық кәсіподақ ұйымдарының жұмысын біріктіріп, үйлестіріп отыр. Облыста 1366 бастауыш кәсіподақ ұйымы және 123,0 мың кәсіподақ мүшесі бар. Жыл басынан бері 17 жаңа бастауыш кәсіподақ үйымдары құрылып, кәсіподақ мүшелеріміздің саны 747 адамға артты.
Жиын соңында Бағлан Жиенәілұлы қатысушыларға еңбек адамының әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда табыс тіледі.




