1 қазан Халықаралық қарттар күні

1 қазан Халықаралық қарттар күні

01.10.2022 Off By Администрация сайта

Елордалық бастауыш кәсіподақ ұйымдары қарттар күніне орай өз ардагерлерін құрметтейді.

«Нұрлы жүрек» мекемесінде Қарттар күнiне ұлкен мерекелік iс-шара өтті. Iс-шараға осы мекемеде ұзақ жұмыс жасаған ардагерлер шақырылды.

Мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылып және дастархан жайылды.

1 қазан- халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де Кәсіподақ комитетінің бастамасымен зейнеткерлік демалыстағы барлық зейнеткерлерге, қызмет алушылар мен мерейтой иелеріне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Сөз кезегі мекеме басшысы Назарбек Көкенұлына берілді. Қонақтарымызға сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Содан соң қызмет алушылар мен мекеменің қызметкерлері өз өнерлерін сахнада паш етті. Әрі қарай жылы естеліктер мен әңгімелесулер қонақжай дастархан басында жалғасын тапты.