Біз адамдар мен мүмкіндіктерді біріктіреміз!
23.09.2022Халықты жұмыспен қамту, елде жұмыссыздықты шектеу -бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Ұлытау облысы бойынша алғаш рет Ұлытау облысының азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бос орындар жәрмеңкесінің салтанатты ашылуы болды.
Облысқа қарасты барлық өңірлер бір уақытта ZOOM режимінде қосылып, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты. Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аталған жәрмеңкеде жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған бос тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарға мамандықтарына сәйкес еңбекке орналасу мүмкіндіктерін туғызды. Негізгі мақсат – жұмыс берушілерге қажетті мамандықтар таңдауына, ал еңбекпен қамтылмағандарға жұмысқа орналасуына ықпал жасау, жұмысшыларға күнделікті бір күндік жалақы емес, тұрақты жалақы алу үшін ресми жұмысқа орналасу. Ресми жұмысқа орналасу кезінде зейнетақы аударымдары, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, медициналық сақтандыру түрінде артықшылықтар бар. Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарлама қабылданып жатыр. Ал сол бағдарламаларда көрсетілген міндеттерді орындап, жоспарларды жүзеге асыру – жергілікті биліктің міндеті.
Облыстық бос орындар жәрмеңкесінің мәліметіне кезек берсек, жалпы жұмыс берушілер саны -98
Жұмыс іздеушілер саны – 480 адам.
Облыс бойынша ұсынылатын ваканттық бос орындар – 766. (жалақы 150-230 мың теңгеге дейін).
Облыс өңірлері Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары, Жаңаарқа, Ұлытау аудандары өздерінің бос жұмыс орындарын ZOOM режимінде ұсынды.
Жәрмеңкеге аймақ басшысының орынбасары Ғ.Құсманғали, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы З.Акилбекова, “Қызмет” кәсіподағының аймақтық филиалының төрайымы Р.Кожабаева және тікелей эфир арқылы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.Төлендина, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д.Құлымбетов,
Жаңаарка ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары А.Қайырбек
және жұмыс берушілер қатысты.
Біз адамдар мен мүмкіндіктерді біріктіреміз! Жұмыспен қамту – біздің басты міндет!






