Филиал төрағасының департамент кәсіподағы мүшелеріне берген есебі

Филиал төрағасының департамент кәсіподағы мүшелеріне берген есебі

16.09.2022 Off By Администрация сайта

Бүгінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамында жалпы 48 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар.
Карантиндік жағдайларға қарамай екі жыл ішінде 28 бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оған 1516 адам мүшелікке тартылған.
Бұл әрине, оңай шаруа емес, өйткені мемлекеттік мекемелер мен органдарда адам саны аз, оның үстіне жыл сайын штаттар саны қысқарып, мекемелер мен мемлекеттік органдар құрылымы өзгеріп, қысқарып, қайта құрылуы көп кедергілер келтіреді.
Дегенмен, оның үдесінен шығып, тынымсыз еңбек етудің арқасында бүгінгі күні жалпы 48 мекемеден кәсіподақ ұйымдарын ашып, оларда жұмыс жасап жатқан 3237 адамның 2719-ы немесе 84,0% кәсіподақ мүшелегіне тартылған және әлі резервте кірмеген 519 адаммен жұмыс жасап, мүшелікке кіргізу мен оны толықтыру жұмыстары жұргізілуде.
Филиал құрамындағы мекемелер толығымен немесе 100% 2022-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасап, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткізген.
Жыл басынан бері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында 39 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымында 1641 кәсіподақ мүшесімен кездесу өткізілген.
Кезекті кездесу өткізілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде жұмыс жасайтын жалпы 53 адамның барлығы немесе 100% кәсіподақ мүшелігіне кірген.
Кәсіподақ төрағасы болып Нәлжанов Ғалымжан Қошқарбайұлы және орынбасары болып Байболова Шолпан Ерназарқызы сайланып, талап деңгейінде үлгілі жұмыс жасап келеді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының үлгілі жұмыстары ретінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының жұмысын, оларға алғашқы бастамада «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы арқылы 30,0 мың теңге көлемінде шипажай жолдамасына әлеуметтік көмек беріліп, қалған қаржы бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінен шешіліп, бір жыл ішінде 6 адам Сарыағаш kz шипажайында емделу-демалу мүмкіндігіне ие болғандығын атап өтті.
Шипажайға жолдама беру жұмыстары қызу үстінде.
Моралдық тұрғыда ынталандыру мақсатында жалпы 104 адамға марапаттар табысталса, ал материалдық тұрғыда 14 адамға бағалы сыйлықтар табысталған.
Сонымен бірге департамент тарапынан да қызметкерлерді, яғни кәсіподақ мүшелерін моралдық ынталандыру мақсатында ұсыныстар беріп, бірнеше басқосуларда кәсіподақ филиалы тарапынан марапаттар табысталған.
«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022» республикалық конкурсы бойынша Шымкент қалалық деңгейіне қатысқан 12 мемлекеттік қызметшінің 8-і «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар мекемелердің қызметкерлері. Олардың 7-і кәсіподақ филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен және 1-і «Алғыс хатымен» марапатталды.
Оның ішінде «Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында департамент басшысы Бахтияр Әлтайұлына филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен марапатталды.
Бұл мемлекеттік қызметшілерге деген ерекше құрмет және болашақта өтетін байқауларға қатысуға деген олардың ынта жігерін арттыру болып табылады.
Өз кезегінде ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ БЕЙНЕСІНДЕ – мемлекеттік қызметші Өнербаев Бахтияр – деген мақала баспасөз беттеріне және әлеуметтік желілерде жарияланып, жарық көрді.
Осы сияқты әрбір іс-шара тұрақты жариялануда.
Мамыр айында «Республикалық референдумның өтуін қолдаймыз» атты кездесу осы департаментте өтіп, оны «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы Атқару Комитетінің мүшесі, департаменттің кәсіподақ төрағасы Ғ.Нәлжанов Конституциялық реформа бойынша жиын өткізген.
Осындай игі іс-шаралар мен жұмыстар жалғасын таба беретін болады.