Департамент кәсіподағының төрағасы есеп берді
19.09.2022Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы №211 «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының кіріспесінде «Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді» деп көрсетілген.
Ал, 1-бабының 6-тармағында «Кәсiптiк одақ (кәсіподақ) – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк» екендігі аталған.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеметтік мекемесінің кәсіподақ ұйымында мемлекеттік қызметшілер мен келісім-шарт негізінде жұмыс жасайтындармен бірге барлығы 53 қызметкер жұмыс жасайды және олардың барлығы немесе 100% кәсіподақ мүшелері.
Департаментте 2022-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан 2022 жылғы 27 қаңтар күні №45 болып қайта тіркелген және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы мен Департаменттің кәсіподақ ұйымы арасындағы өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2022-2026 жылдарға арналған келісім-шарт жасалып, бекітілген.
Кәсіподақ ұйымына ай сайын 54-60 мың теңге көлемінде қаржы түсіп отырады. Келісім шартқа сәйкес, қаржының 70 пайызы бастауыш кәсіподақ ұйымына, ал қалған 30 пайызы қызмет көрсету мақсатында филиал есебіне қалдырылып, оның 10%-і «Қызмет» салалық кәсіподағына және оның 2%-і Қазақтан Республикасының Кәсіподақтар федерациясына аударылады.
«Есепті дос, айырылыспас» демекші, бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржысы ұжымдық шартта көрсетілген мақсаттарға ғана жұмсалңан.
Департаментте дәстүрлі түрде әрбір жаңа жыл алдында қызметкерлердің балаларына арналған сыйлықтар жасалады.
2021 жылы балаларға арналған сыйлықтарға 214,0 мың теңге қаражатын жұмсаған.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында және «2022 жылды – әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялануына байланысты филиал төрағасы С.Әуесханов ағымдағы жылдың 10 маусым күні департаменке келіп, мекеменің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, онда Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген және кездесу соңында Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Шолпан Ерназарқызы Байбулованы, «Құрмет грамотасымен» №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Людмила Викторовна Ефремованы, бағдарламашы Жаңабай Қозыбайұлы Базарбаевты марапаттаған.
Шымкент қаласының мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен «Отан қорғаушылар күні» және «Ұлы Жеңіс күні» мерекелеріне орай, кездесу ұйымдастырылып, кәсіподақ ұйымының атынан ардагерлерді құттықтап, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған.
Атап айтқанда: Департамент басшысының «Құрмет грамотасымен» Семей ядролық сынақ полигонының ардагері Разакул Абдукадырович Каюмов, Әділ Шымырбайұлы Рахматалиев, Нышанәлі Балғабайұлы Нұрманов, Түзел Ергешұлы Тұматаев, Тура Ахмедов, Шамшимат Ирисметов, Гарифулла Тәліпұлы Мамешов, Борықбай Тастеміров, Шырынтай Теміржанов, Жұман Артықбаевтар марапатталды. Оған кәсіподақ ұжымының 70 000 теңге қаражаты жұмсалған.
«10 қазан – Кәсіподақ қызметкерлері күні» және «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелеріне орай, мерекелік жиын өткізіліп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан департамент басшысы Б.Өнербаевқа, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Қасқабаева мен Д.Өтелбаеваға «ҚР Тәуелсіздік күніне 30 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі орынбасарының «Алғыс хатымен» №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Л.В.Ефремова, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен бас маманы З.Сырбекова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Құрмет грамотасымен» №4 МӘС бөлімінің бас маманы М.Сманова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Алғыс хатымен» №5 МӘС бөлімінің бас маманы Ж.Алимбаева, департамент басшысының «Құрмет грамотасымен» №1 МӘС бөлімінің басшысы Ш.Сейтханова, бас маманы Г.Акатаева, №2 МӘС бөлімінің бас маманы Э.Хайтметов, шаруашылық меңгерушісі С.Жүсіпалиев, бағдарламашы Ж.Базарбаев, МӘС бөлімдерінің тіркеушілері Г.Дарибаева, А.Букеева, Ф.Омарова, А.Абдиева, С.Батырбекова, автокөлік жүргізушілері М.Мирзахмедов пен Б.Мирсагатовтар марапатталды. Оған кәсіодақ қаржысының 18 150 теңге қаражаты жұмсалған.
«23 маусым – мемлекеттік қызметшілер» мерекесі қарсаңында департамент басшысы Б.Өнербаевқа филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгісі табысталды.
Сонымен бірге 2020 жылы Түркістан облысының Мақтарал ауданында Өзбекстанның Сардоба су қоймасы жарылып, төтенше жағдай орын алған кезде ел болып көмек қолын созған еді. Оған департамент тарапынан сол уақытта ақшалай қаражат, азық-түлік, киім-кешек дегендей, әркім өз шамасына қарай көмек жасады. Қызметкерлердең жиналған заттар бір Газель автокөлігіне тиеліп, Мақтарал ауданына жөнелтіліп, оны департамент қызметкері Шолпан Ерназарқызы Байбулова Мақтарал ауданының тұрғындарына табыстап қайтқан.
Сондай-ақ, жақында ғана алапат өрт орын алған Қостанай облысына кәсіподақ мүшелері – департамент қызметшілері бірауыздан бір күндік жалақысын аударуға шешім қабылдап, тиісті есеп-шотына аударылды.
«Жақсы адам көрген-білгенін айтады, жаман адам ішіп-жегенін айтады» деген сөз бар. Сол айтпақшы, департамент қызметшілері жықсылық жасауға себепші болғандардың қатарында.
Кәсіподақ қозғалысын әрі қарай дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

