Еңбек адамын ұлықтау – жаңа Қазақстанға қадам​

Еңбек адамын ұлықтау – жаңа Қазақстанға қадам​

16.09.2022 Off By Администрация сайта

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» деп атап өткен. Қазірдің өзінде еліміз бойынша әрбір салада аянбай қызмет етіп жүрген мамандар көп. Жоғарыда көрсетілген қағиданы өмірлік ұстанымы ретінде алып жүрген мамандардың ішінде мейірімділік пен қайырымдылыққа бағытталған сала мамандары да бар. Солардың бірі – Алматы қаласы «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі. «Шаңырақ» мекемесінің ұжымы бұрыннан ішкі корпоративтік бірлігі мен ауызбіршілігі арқасында жұрттың алғысына бөленіп келеді.​Жыл сайын осы ұжымда «Қызмет» салалық кәсіподағы бірнеше шараларды ұйымдастырумен айналысады. Соның ішінде, әлеуметтік саладағы еңбек сіңірген мамандарға лайықты құрмет көрсетуге басты назар аударады. Оның көрінісі ретінде, елімізге қызмет жасап, маңдай термен нәпақасын тапқан адамдарды ұлықтауды айта аламыз.​Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік екенін білеміз. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Осы ретте, «Қызмет» салалық кәсіподағы ескеруімен, Алматы қаласы «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көп жыл бойы қызмет атқарған әлеуметтік жұмыс бойынша мамандары Абибуллаева Д.С, Сәрсенбиева С. К, Умарова Жұлдызға «Көктем», «Жаркент», «Жаңақорған» шипажайларына жолдамалар ұсынды. Сонымен қатар, паллиативті блоктың санитары Күләш Жекенқызының 60 жасқа толуына орай, кәсіподақ атынан сый-құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды.​Мемлекеттің жаңа бастамалары осындай бастамашыл, ұйымшыл қызметкерлердің көмегімен жүзеге асады. Президентіміз айтқан «еңбек адамының» үлесі осындай ұлықтаулардың арқасында арта түседі деп есептейміз!