Кәсіподақ –балалар жылында….
16.09.2022 Ү.ж.12 қыркүйегінде өткізілген “Қызмет”салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалы атқару комитетінің кезекті отырысында, “Балалар жылы”аясында өткізілген бірқатар шараларды талқылады. XXI ғасыр-оқу мен білім ғасыры. Саналы ұрпақ болсын десек, баламыздың біліміне назар аударуымыз керек екені барашамызға аян.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз».
Осы бағыттарды негізге ала отырып біздің «Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиалы «Балалар жылына» діттеген мақсаттар мен жоспарлар қойып, балаларымызға арнап іс-шаралар өткізді.
Атап айтсақ, «Almaty International Rotary» ҚБ ұйымдастыруымен 2022 жылы сәуірдің 29-30 күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қолынан шыққан өнер туындыларына қолдау көрсетіп «Мүмкін емес мүмкін» атты қалалық көрмесіне ат салысты.Іс-шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан шектетпей, олардың да ерекше шығармашылық иесі екенін таныту.
Айта кетейік, «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығында 1 жастан 18 жасқа дейін 200–ден астам мүгедек балаларға және 18 жастан асқан ерекше психикалық ақаулары бар жастарға қызмет көрсетеді.Орталықтың тәрбиеленушілері тек ғана емшара ғана алмай жан-жақты дамиды, сабақтар мен қатар шығармашылық пен мүсіндеу өнеріменде айналысады.
“Аяла” орталығының қызметкерлері біздің кәсіподақ ұйымының мүшелігінде.
Келесі кәсіподақ ұйымдастырумен өткізген шараларымыздың бірі, Алматы қалалық «Хайуанаттар бағына» балалармен бірге уақыт өткізуге шақыру берілді. Мұнда бірі анасымен, бірі ата-анасымен, бірі әкесімен, тіпті, бірі апасымен келіп суретте ғана көрген аңдарын бақтан көріп мәз болды. Балалар көңілдеріне ұнаған жан-жануарлармен суретке түсті. Баланың риясыз күлкісі, бала мен ата-ана арасындағы кіршіксіз махаббаты, күйбең тіршіліктен бір сәт босап баласымен уақытты тыныштық құшағында өткізуі, бәрі балаларымыздың шынайы күлкісі мен адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін ояту, үлкен мемлекеттегі отбасы деген шағын мемлекеттің мейірімділін нығайту мақсатында еді. Жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл күйде қайтқан ата-аналарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, осындай игі шаралардың жалғасын таба беруіне тілектес екендіктерін білдірді.
Әрдайым игі істерге бастамашы, халқының жанашыры болып, мұқтаж жандардың жанынан табылып, халықтың мұң қайғысын бірге бөлісе білетін «Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиалының төрайымы Данагүл Мұхамедкерімқызы бастаған кәсіподақ ұжымы бастауыш кәсіподақ ұйымдары «Мектепке жол” акциясы аясынданда да бірінші сыныпқа баратын, көп балалы отбасы, толық емес отбасындағы балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, сөмке табыстады.
Жылдың аяғына дейін, кәсіподақ қызметкерлерінің балаларына әлі де талай шаралар өткізіледі. Бізбен бірге болыңыздар!



