Қиын жағдайға тап болған отбасы мәселелері қаралды
01.07.202230 маусым күні «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Аталған кеңеске кеңес мүшесі ретінде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы қатысты.
Күн тәртібінде маусым-шілде айларында өмірлік қиын жағдайға түскен отбасыларға көмек көрсету жөніндегі жедел әрекет ету топтарының жұмысы талқыланды.
Бейнекоференц-байланыс арқылы өткен жиынға Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаларының басшылары мен орынбасарлары, сондай-ақ қалалық полиция департаментінің өкілдері қатысты.

