Қырағы мамандықты таңдаған жастар ел алдындағы борышына жауапты!

Қырағы мамандықты таңдаған жастар ел алдындағы борышына жауапты!

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Сақшылардың кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты мерекені биыл жас полиция қызметкерлері дайындады.
Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандар қатары көбейе берсін.
Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріне тілектеспіз.