Медицина қызметкерлерінің күні

Медицина қызметкерлерінің күні

20.06.2022 Off By Администрация сайта

Медицина қызметкерлері күні құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдаған, ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Осы мерекеге орай Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында үстіміздегі жылдың 17 маусым күні «Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы!» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Д.Нұрмұхамбетқызы медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының алғыстарымен және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің облыстық салалық кәсіподағының алғыс хаттарымен орталық қызметкерлері Жамиля Жанзунова және Сайлаукүл Жақанды марапаттады. Марапатталушыларға қаржылай сыйлықтар беріліп, медицина қызметкерлеріне арнайы дайындалған мерекелік торт табысталды. Мерекелік іс-шара орталықтың педагогика саласы мамандарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.