Полиция департаменті емханасының қызметкерлері марапатталды

Полиция департаменті емханасының қызметкерлері марапатталды

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әміржан Өтегенов емхана қызметкерлеріне тынымсыз еңбектері үшін алғысын білдіріп, дәрігерлер мен аяжандардың еңбегін атап өтіп, барлық бастамаларына сәттілік тіледі. Сонымен бірге департаменттің алғыс хаттарын және кәсіподақтың құрмет грамоталарын табыстады. «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық облыстық кәсіподағының құрмет грамотасымен емхананың дәрігер-психиатры Жагипар Уразбахов, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобының жетекші маманы Ұлмекен Бержанова, аяжан Әсел Уманова марапатталып, қаржылай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымы алты қызметкерге сый-сияпат көрсетіп, арнайы сыйлықтарын табыстады.