Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті
24.06.2022«23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні» мерекесі Еңбек, әлеуметтік қорғау және және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде аталып өтті. Жиынды департамент басшысының міндетін атқарушы басшы орынбасары Жамақова Жанат Балабекқызы мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиынға арнайы қатысқан «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы абыройлы міндетті, жауапкершілігі үлкен қызметті жоғары кәсібилікпен атқарып, кәсіподақ жұмысына белсенді қатысып жүрген азаматтарға «Қызмет» Салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың Құрмет Грамотасымен Алғыс хатын тапсырды.Кәсіподақ баспасөз қызметі.


