Белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табысталды

Белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табысталды

24.06.2022 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстарына және мемлекеттік қызметтің тарихына кеңінен тоқталды.
Жалпы алғанда осы мемлекеттік қызметке қойылатын талаптардың жетілдірілуімен қатар, мемлекеттік қызметшілердің де деңгейі өсіп отырғанын айтып, мемлекеттік қызметкерлерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, аудан әкімдігінің белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда: филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Жарасов Алмаз Мұратұлы, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Абилов Ерғали Сейдрәсілұлы, филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Достияров Есдәулет Керімбекұлы және «Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының әдіскері Пернеқұлова Венера Егембердіқызы марапатталды.
Жиын соңында Абай ауданы әкімінің орынбасары шараға қатысушыларды құттықтап, салалық кәсіподақ атына алғысын жеткізді.