Әлеуметтік әріптестік шеңберінде өткен кездесу

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде өткен кездесу

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында және «2022 жылын – әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялануына байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Әуесханов Серік Елемесұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлымен және мекеменің қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Департаментте 50 адам жұмыс істейді және олардың бәрі мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі, кәсіподақ төрағасы Нәлжанов Ғалымжан, мекеменің кәсіподағы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына мүшелік ұйым болып кірген және белсенді кәсіподақ ұйымдарының бірі.
Кездесу барысында С.Әуесханов Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің ұжымдық шарт тарауы бойынша ұжымдық шарттың тараптары, ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі, ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы, ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің мәртебесі мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер және кәсіподақ мүшелеріне берілетін әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, оларды моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру жұмыстары, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ұжым мүшелерін құттықтап, Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның дайындалуы мен қабылдануы тарихына және 23 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының 2002 жылғы резолюциясымен Мемлекеттік қызмет күні деп жарияланғанына терең тоқталып, департаменттің белсенді кәсіподақ мүшесі мен жұмыс берушісі және әлеуметтік әріптесіне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда:
Филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, жұмыс беруші – әлеуметтік әріптес, «2022 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының Шымкент қалалық деңгейіне қатысып, қалалық деңгейдегі екі жеңімпазының бірі ретінде республикалық деңгейге жолдама алған және байқаудың республикалық деңгейіне қатысқан Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы және «Құрмет грамотасымен» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бағдарламашысы, белсенді кәсіподақ мүшесі Базарбаев Жаңабай Қозыбайұлы марапатталды.
Сондай-ақ, осы күні туылған туған күн иелері департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас мамандары Момынова Бибігүл Лесқызына және Хайтметов Элрад Фаррухұлына гүл шоқтары сыйға тартылды.
Жиын соңында департамент басшысы – жұмыс беруші – әлеуметтік әріптес және «2022 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына қатысушы Б.Өнербаев ұжым қызметкерлерін құттықтап, салалық кәсіподақ атына алғысын білдіре отырып, «2022 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының таныстыру кезеңінде айтқан және шын жүрегінен шығарып жазған мына өлеңімен аяқтады.