Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

22.06.2022 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімдігінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында жұмыс беруші – аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы Есілбектің қатысуымен мекеменің кәсіподақ мүшелерінің жағдайымен танысты.
Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жылы 1 қыркүйекте ашылып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына мүшелік ұйым болып кірген. Алғашқыда мекемеде жұмыс жасайтын 37 адамның 27-сі кәсіподақ мүшелігіне кірген болса, бүгінде 100% немесе толығымен кәсіподақ мүшесі. Жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының арасында жыл басында бес жылға арналған ұжымдық шарт жасалған және ол еңбек инспекциясында тіркелген.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов мемлекеттік қызметтегі және кәсіподақтағы белсенділіктері үшін аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Сыдықов Бахыт Салыбекұлы, филиалдың «Құрмет грамотасымен» Еңбекші ауданы әкімі аппаратының Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Ибишев Сейдулла Абдуллаұлы және филиалдың «Алғыс хатымен» Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Жунусбаев Самат Уалиханұлы марапатталды. Жиын соңында аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы Есілбек ұжым мүшелерін мерекемен құттықтап, кәсіподаққа шынайы алғысын білдірді.