Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

22.06.2022 Off By Администрация сайта

23 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының 2002 жылғы резолюциясымен Мемлекеттік қызмет күні деп жарияланған.
Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімдігінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні» мерекесімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Бүгінгі күнде Шымкент қаласы бойынша салалық филиалдың құрамындағы 47 бастауыш кәсіподақ ұйымында 2,5 мыңнан астам адам мүшелік етуде. Бұл көрсеткіш жылдан жылға өсуде. Ол дегеніміз кәсіподаққа деген сенімнің артуы.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалы тарапынан едәуір жұмыстар атқарылып, 2021-2022 жылдары жалпы 34 мемлекеттік мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашып, оған жалпы 1700-ге жуық адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Кәсіподақтың негізгі жұмысы – бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбек жағдайларын жақсарту, ал басты мақсаты – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір болып табылады.
Филиал құрамындағы кәсіподақ ұйымы бар барлық мекемелерде жұмыс берушілері мен кәсіподақ ұйымы арасында бес жылға арналған ұжымдық шарттар жасалып, мемлекеттік еңбек инспекциясынан тіркеуден өткен және еңбек дауын шешуге байланысты мекемелерде тәртіптік кеңестері мен келісу комиссиялары жүйелі жұмыс жасауда. Өткізілген іс-шараның марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары Қаланов Ілияс Сұлтанұлы және және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Әуесханов Серік Елемесұлы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтегі абыройлы міндеттерін мүлтіксіз атқарып, тәуелсіз мемлекетіміздің тіреуі болып, халықтың сенімін ақтай беруге тілек білдіріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың құттықтау хаты оқылып, салалық кәсіподақтың белсенді мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру – инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шаймерденова Гулмира Ануарбекқызы, филиалдың «Еңбек озаты» төс белгілерімен Шымкент қаласынының дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бөлімнің бас маман-сарапшысы Жұмағұлова Ғазиза Өмірзаққызы, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ақпараттық және қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Хожабеков Бахтияр Есенәліұлы, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының туризм саласын дамыту бөлімінің бас маманы Кулимова Ғазиза Үсенқызы, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы білім және мәдениет салаларын жоспарлау бөлімінің бас маманы Керімбеков Алмас Ерғалиұлы, филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының әдіскері Шаймаханова Гулнар Шаймаханқызы, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық-саяси ахуал және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Талғат Айдос Талғатұлы және филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының бас маманы Дербисбаева Динара Берікқызы, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция бөлімінің бас маман-құрылыс инспекторы Имантай Береке Орынтайқызы марапатталды.
Осы марапат алушылардың ішінен Жұмағұлова Ғазиза Өмірзаққызы, Керімбеков Алмас Ерғалиұлы және Имантай Береке Орынтайқызы «2022 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының Шымкент қалалық деңгейіне қатысқандар.
Жиын соңында Шымкент қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Қаланов Ілияс Сұлтанұлы қала әкімдігінің атынан жиынға қатысқан мемлекеттік қызметкерлерді мерекемен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы басшылығының атына шынайы алғысын білдірді.