Медицина қызметкерлері күні қарсаңында
20.06.2022Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл күн дертке дауа, жанға саулық сыйлайтын ардақты мамандық иелерінің кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өткізілген мерекелік шарада «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева және орталық директоры Айгүл Шамшатова орталықтың медицина бөлімінің қызметкерлерін мерекемен құттықтап, марапаттарды табыстады. «Елің сені елесе,Еңбегіңнің жанғаны» – демекші арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 30 жылдан бері еткен ерен еңбегі үшін орталық қызметкері Алмагүл Сапахова облыстық салалық кәсіподақтың «Еңбек озаты» медалімен, сондай-ақ кәсіподақ мүшелері Зейнегүл Каракулова және Зейнеш Смағұлова «Құрмет грамотасымен», Ляззат Насанова, Айзада Бейсенбаева, Мадина Абилдаева «Алғыс хатпен» марапатталып, қаржылай сыйақы табысталды.
Сонымен қатар мерекелік шарада ҚР Федерациясының «Халық бюджеті» жобасына қатысып, салалық кәсіподақтың ынталындыру сыйлығына ие болған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Болат Мұсаевқа диплом мен 100000 теңге сертификат берілді.
8Сауле Турсынбаева и ещё 7Комментарии: 1НравитсяКомментироватьПоделиться