«Шымкент қаласының құрметті азаматы» мәртебесін салтанатты түрде табыстады

«Шымкент қаласының құрметті азаматы» мәртебесін салтанатты түрде табыстады

18.06.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылғы 18 маусым күні халқымыздың бағына туған Шәмші Қалдаяқовтың рухына бағышталған концерт аясында, Шымкент қаласының – қала күні мерекесі қарсаңындағы мерекелік іс-шара барысында өңір басшысы Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы жиылғандарды атаулы мерекемен құттықтап, шаһардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуына қосқан зор үлесі үшін қаламыздың 10 азаматына «Шымкент қаласының құрметті азаматы» мәртебесін салтанатты түрде табыстады.
Атап айтқанда:

  1. Асқар Артықбайұлы Ақшаев – зейнеткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері;
  2. Сәуле Раимбекқызы Әбсеитова – зейнеткер, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамы терапия және кардиология кафедрасының профессоры;
  3. Ильяс Карипович Гарипов – «Фиркан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
  4. Балғабай Тезекбайұлы Елшиев – Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, спорт саласының ардагері, зейнеткер;
  5. Дархан Каюпов – «Южавтотранс» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы;
  6. Серікбай Керімбеков – «ПромСпецСтройПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері;
  7. Бакир Абдиевич Нурманбетов – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
  8. Анна Александровна Сушко – «Архитектура Дизайн-Ш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;
  9. Ұлбосын Тәжібаева – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы;
  10. Бекайдар Мұсаұлы Төлегенов – «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты марапатталды.
    Оның ішінде, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін бірнеше жыл басқарған және спорт басқармасында спорт бөлімінің басшысы мен басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, спорт саласының ардагері, зейнеткер Елшиев Балғабай Тезекбайұлына «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
    «Шымкенттің шырайы – Шәмші» атауымен өткен концерттік шараға қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы, қалалық маслихаттың хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
    Шығармашылық кештің соңы елімізге еңбек сіңірген жұлдыздар – Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Нұрғали Нүсіпжанов, Медеу Арынбаев, Уралхан Сейілбекова, Нұржамал Үсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Бауыржан Исаев секілді өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
    «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын алған барша қуаныш иелерін шын жүректен марапаттарымен құттықтаймыз!