Елордалық медицина қызметкерлері марапатқа ие болды

Елордалық медицина қызметкерлері марапатқа ие болды

17.06.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов ағымдағы жылдың 17 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Медициналық қызметкерлер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Сонымен қатар, мерекелік шараға Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиев және мекеме директоры Нұрбол Зұлқарнаев қатысты.

А. Нұрланов өз сөзінде «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесі мен «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының Атқарушы комитеті атынан көп жылғы адал еңбегі мен кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғысын айтып, оларға мықты денсаулық, жұмыста табыс пен сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, А.Нұрланов кәсіподақтың белсенді мүшелеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.

Салтанатты шара барысында мерекелік концерт өтті.