Сапалы мемлекеттік қызметтер –  тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың кепілі

Сапалы мемлекеттік қызметтер – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың кепілі

17.06.2022 Off By Администрация сайта

Салалық «Қызмет» кәсіподағы төрағасының орынбасары Нұрланов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» ұлттық конкурсына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.

Байқау мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сервистік тәсіліне көшу аясында өткізілді және оған Қазақстан Республикасының әр өңірінен үш мемлекеттік органнан барлығы 51 мекеме қатысты.

Айта кетерлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменттері үздік мемлекеттік мекемелерді іріктеу бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Нәтижесінде финалға ауылдық округтер әкімдері аппараттарынан бастап әдістемелік кабинеттерге дейін әртүрлі ұйымдардан конкурсқа қатысуға өтініштер түсті.

Конкурс алғаш рет өткізілді және ұйымдастырушылар қатысушылар санына шектеулер қоймады. Бұл байқауда азаматтардың мемлекеттік қызметке қолжетімділігін көрсетуде «Ең алдымен адамдар» тақырыбы ұсынылды.  

Қазылар алқасы қатысушылардың барлық финалдық жұмыстарын қарап, жеңімпаздарды анықтады.

Үздік қызмет көрсетушілер:

–  Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,

– Атырау облысы Мақат аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі,

– Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Байқау белсенділері:

–  Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,

–   Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті,

–  Павлодар облысы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты,

–  Маңғыстау облысы Батық ауылдық округі әкімінің аппараты,

– Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Жалпы, байқауға қатысушылар қызмет көрсету сапасын жақсарту және бюрократиясыздандыру мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.