Мемлекеттік қызметкерлер ұрпақтарының кездесуі
17.06.2022Ағымдағы жылдың 17 маусымында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен облыс әкімі аппаратының және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ облыстық филиалының қатысуымен «Ұрпақтар кездесуі «Мемлекеттік қызметті дамытудың қазақстандық жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас мемлекеттік қызметкерлер үшін ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
Дөңгелек үстелге ардагерлер, жас мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік қызметке алғаш кірген Петропавл қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Жанғожин Исабек, сондай-ақ облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Қайырбекова Гүлмайра салтанатты түрде ант қабылдады.
Адал еңбегі мен мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін денсаулық сақтау басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Петропавл қаласы № 2 сот кеңсесінің бас мамандары департамент басшысының құқықтарымен алғыс хатпен марапатталды.
Көзге түскен мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі «Қызмет» салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен өткізілді.
Жас мемлекеттік қызметкерлер алдында ардагер, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, бұрын облыс әкімдігі әкімінің орынбасары Қ. Қ. Қалиев және облыстық филиал төрағасы Т. Т. Әбілмәжінов сөз сөйледі.
Өз кезегінде ардагерлер алдында ағымдағы жылы Есіл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі О. А. Манаев жауап сөз сөйледі.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттырудың рөлі туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Л. С. Қайыржанова айтып берді.
Өткізілген іс-шара ешкімді бей-жай қалдырмады. Ардагерлер мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы дамуына лайықты баға берді. Ал жастар үшін бұл олардың болашақ кәсіби дамуының негізі болды. Ардагерлер «Жастарға жаңа Қазақстанды құру керек екендігін айт кетті. Сондықтан олар мемлекеттік қызметкер атағына сай болуы тиіс».