Бала еңбегіне құрметпен қарайық!

Бала еңбегіне құрметпен қарайық!

01.06.2022 Off By Администрация сайта

Балаларды қорғау күнінде үлкен сахнада “Дидар” телеарнасында наурыз айында экранға жолдама алған “ Телебалапан” бағдарламасының көрермендері мен жанкүйерлері жиналды. Бағдарламаға қатысқан қаламыздағы білімді,өнерлі,зерек балапандарымыздың қатары апта сайын толығып, жүзден асты. Олардың ішінде қала, облыс, республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары бар. Аптаның бес күнінде “Таңғы жаттығудан” бастап, кешке “ Телебалапанға” ұласатын жобаның жүргізушілерінің өзі онға жетті. Экранда еркін сөйлесе де, киелі сахнаның мысы басады екен деп бүлдіршіндер аң-таң болды.
Жезқазған қаласының әкімі құттықтау сөз айтып, мерекелік концертті бастап берді. “Дидар” телеарнасының директоры Еркебұлан Балмұқанның құттықтауы, телеарнаның кретивті директоры Базаргүл Сейітжанқызының құттықтау сөзі, Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекованың сөздерінен кейін, “ Қызмет” Салалық кәсіподағының Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы, Жезқазған қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Раушан Кожабаева ең мықты тележүргізушілерді сахнаға шығарып, марапаттау рәсімін жүргізді.
Тағы үлкен жаңалық бар! “Ана мен бала ән шырқайды!” атты дуэт байқауының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаз – “ҚЫЗМЕТ” Салалық кәсіподағының Жезқазған аймақтық филиалының мүшесі, “Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ бас маманы Гүлшат Әшірбекова және сұлу ханшайым!
Бала бағы бар елдің, Гүлмен келсін келер күн.
Балалардың күлкісі Көркі, сәні әлемнің!
Отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімнің кепілі кішкентай бүлдіршіндеріміздің күлкісін ғана еститін болайық!
Балалардың әдемі әлемін күнде тамсана тамашалайық!