Әлеуметтік әділеттілік маңызды!
03.06.20222022 жылы 31 мамыр күні «Аманат» партиясы ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы қаланың қоғамдық кеңес мүшелерімен Ата Заңымызға енетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өтетін жалпы халықтық референдум туралы ақпараттық кездесу өткізді. “Қызмет” кәсіподағы атынан (төрайым Кожабаева Р.К) депутатқа біраз сұрақтар қойып, еңбек адамына, оның ішінде әлеуметтік топтарға әлі де болса айрықша көңіл бөліп, халықтың игілігіне бағытталған тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететіндей оңтайлы шешім қарастырып, қолдау көрсету керек екеніне тоқталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының үндеуін қолдап, қоғамда құны кемімейтін әділдік – құндылықтың басты әлеуметтік теңдігін айқындайтын аспект екендігіне тағы да көз жеткіздік.