Мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі – референдум!
03.06.2022Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындады.
“ҚЫЗМЕТ” Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Раушан Кожабаева мекемелерге барып, ұжым мүшелеріне ақпараттық жұмыстар жүргізіп, 27 жылда алғаш рет іске қосылатын республикалық референдум туралы заңның негізгі нормаларын зерделеп, осынау маңызды шараны өткізу және дауыс беру тәртібін түсіндірді. Ата заңымызға төрт рет өзгеріс енгізілсе де, конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдум ұйымдастырылған жоқ еді.
Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмас!
ӘДІЛДІК ТЕҢДІГІН АЙҚЫНДАУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢАРУДЫ, ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЙЫҚ!
ЕЛ БІРЛІГІ – ЕЛ ТЕҢДІГІ!