Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда
31.05.2022«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы бар Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында Конституциялық реформа бойынша кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Тәжібаев Марат Әбдімажитұлы және 45-ке жуық қызметкерлер қатысты.
Жиында филиал төрағасы С.Әуесханов «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда: Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту, Парламентті күшейту, Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, Сайлау процессін жаңғырту, Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары, Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау, Конституциялық сот, Сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру, Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту, Жерге иелік ету, Тұңғыш Президент мәртебесі бойынша саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары бойынша және саяси жүйені терең демократияландыру, суперпрезиденттік басқару формасынан мықты Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің қос Палатасының қызметін қайта форматтау және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық Сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тежемелілігі мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру, сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру, мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру бойынша елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың негізгі бағыттарын атап өтіп, ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу жөнінде терең түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Тәжібаев республикалық референдумның өтуіне қолдау білдіре отырып, қатысушыларды дауыс беруге қатысуға шақырды.